Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 192 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 194 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 195 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 196 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 197 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 202

 

Стр. 204

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Кешке дейін бәріңмен де теңесем әлі... Етігім үлкен болып су құйылып кетіп жүр... дейді,

лақылдатып етігінің суын төгіп жатып. Киімімізді бұрап сығып қайта киініп алғанмен әлі

жылына алмай бір кішкене алаңды айнала жүгіріп, жер тепкілеп жүрміз... Өзгемізден гөрі

баяуырақ Егор шалбарын енді ғана бұрап жатыр.

Аямай бура, Егор, қайтып су өте алмайтын болсын дейді оған Самед.

Ә?..— дейді де Егор шалбарын бұрай береді. Әбден жылыну үшін ішкі бір отты тұтатып

жіберу керек. Ол адамның күлкісі ғой. Самед сол отты тұтатқысы келіп:

Алла тағаланың екі жамағаты болыпты...— дейді. Орысша әдейі бұрып

айтқандықтан мұнысы тіпті өрескел шығады:

Ортақлар, у аллаха, была два жена... Өрескел басталған әңгіме еріксіз күлдіріп, езу

жиғызбайды. Жалаңаш жартастар қосыла сақылдап, жағадағы жанның бәрі бізге қарап

қалыпты...

Немене, нанбайсыңдар ма?..— Самед өзі ғана күлмей тұр.

Әріректе тас шоқының күнгей бетінде отырған үш адам әуелі біздің сақылдап күлгенімізді

естіп, бірер қарасып қалған сияқты еді, енді тура осылай қарай келе жатыр.

Аяғын азырақ шалқақ басатын капитан Мирошникті таныдық. Қасындағылары

солтүстіктен келгендей қолбаң киінген адамдар.

Киініп, үлгіре алатын жайы жоқ Егорға «жартастың ар жағына тасалан!» деген белгі

бердім де өзге жауынгерлеріме:

Смирно! — дедім. Жүндес саны қарауытып, құйрығы қызарып кеткен Егор

жартастың арғы бетіне қарай бүкшеңдеп барады.

Өз тізелерім де біріне-бірі соқтығыса береді. Жақындатсам — бірігіп те тұра алмайды,

тиіп-қашып, түртінісіп тұрғылары келетін сияқты... Жауынгерлерім де сымдай

ширатылғанмен арттарынан біреу түртіп қап тұрғандай, денелерін тұрақтата алмай тұр.

Қолбаң киген екеудің бірі, жақындай беріп әуелі тоқтаңқырап бір қалып, содан кейін екі

иығы жарқ-жұрқ етіп, тезірек басып тура маған қарай тартты. Соғыстың айырмайтыны да

жоқ, кездестірмейтіні де жоқ, бұл келе жатқан... Шеген екен! Аспан қыраны, әуенің ақ

иығы, подполковник Шеген!..

Алау-жалау ыстық бір леп бүкіл денемді өртей жөнелгендей болды. Көзіме көзі бір ғана

түсіп кетіп еді, діріл ұмытылып, басым тәкаппар көтеріліп, екі иығым Кавказға теңдескісі

келгендей, сіресіп қалыппын.

Келгендердің ішіндегі ең үлкен офицер сол болғандықтан Шеген:

Вольно!..— деді. Даусы самолеттің қанатындай жайқай шықты...

Содан соң Шеген Мирошникке бұрылып:

Жолдас гвардия капитаны, менің інім сіздің қарамағыңызда екен— деді.

Құшақтаса кету, сүйісу сияқты нәрселер болған жоқ... Бірімізді-біріміз арқаға да қағысқан

жоқпыз. Жауынгерше амандастық. Бірімізге-біріміз бір ғана қарадық та, қайсымыздың

қалай соғысып жүргенімізді таныдық. Екі жағымыз да риза болғандай, жымидық та

қойдық...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)