Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 194 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 183 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 184 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 185 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 186 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 187 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 188 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 189 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 190 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 191 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 192 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 193

 

Стр. 195

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Ауыр машина кедергісіз жүйткіп, жау қарасын үздірмей, артқы шаңына аралас келе

жатырмыз. Володя бұрынғысындай ақ жарқын, бұрынғысындай қалжыңдасып отыр. Бірақ

түтіні бұрқырап, ауыр ыңыранып жатқан қаласына қарай алған жоқ. Түнгі айқасты

ұмытқымыз келгендей, бәріміз де алға қарап отыр екеміз...

Тамань мүйісі дүниедегі бір сұлу да жер емес, жайлы да жер емес. Аяқ бассаң сортаң суы

шып-шып шығып, шыпылдап жатады. Құрғағы көп пе, батпағы көп пе, оны айыру да

қиын. Еңбектесең, бауырың малшынады, жүріп кетсең — қызыл асықтан батып отырасың.

Қары еріп, амалсыз жауып тұратын март айларында тіпті емес...

Батпақты, сазды жерді әуелі жау танкылары тілгілеп кеткен екен енді біздің танкылар езіп

жүр. Машина іздері жыландай шұбатылып, батпақ жердің беті айғыз-айғыз. Шалшық суға

белуарынан батып, солдат молалары ғана қараяды. Күнгей беттері құрғағырақ жататын

осындай молалар ғана. Окоп дегендеріміз шомылуға жасалған ойдым-ойдым ұра сияқты.

Батып қалған, жанып кеткен жау танкылері күн сайын аласарып, батпақ жерге бата түседі.

Өлгем түйенің сүйегіндей сорайып, құлаған самолеттердің сүйегі жатыр. Бәрі де мойның

астына ала құлағандай, қалқайған сыңар қанаттары мен ырсиған қабырғалары ғана

көрінеді. Ойылып қалған машина іздері мен жазғытұрғы лай су жалқау ғана ағады. Бір

жаққа емес, жан-жаққа ағады. Ертелі-кеш борсыған тұман жер бетінен бір көтерілмейді.

Асқар сұлуы Кавказ бен шымайт Кубань даласынан кейін, Тамань мүйісі тіпті көңілге

қона алмайды... Кавказдың батыс жақ қақпасының алдына төсей салған бір ескі сырмақ

сияқты көрінеді.

Осындай лайсаң жерге үймелеп қалғанымыз — қарсы алдымызда Қырымның шығыс жақ

етегі Керчь жатыр. Арамызда Керчь бұғазы ғана. Ол жайды әлі жарияламағанмен енді бір

секірсек Қырымға барып түсетін сияқтымыз. Өйткені, Қара теңіздің бұл жағындағы

құрғақ жерді түгел тазалап болып, қазір екі ай бойы осы Тамань сазын езіп жүрміз. Ендігі

бетіміз, әрине, батыс жақ... Қырым...

Бұл арада үйреніп жүрген өнеріміз де басқаша... Катер қайық бір топ жауынгерді мінгізіп

алып, теңіздің бетін жосылта тіліп келе жатады да, жағаға жақындай беріп жалт

бұрылады. Сол кезде сен де қайықтан қарғып түсіп, жағаға қарай жүзе жөнелуің керек.

Жағаға тез шығып, тезірек ата бастауың керек... Үйреніп жүрген жаңа өнеріміз осы ғана.

Суға батып кетуге, жағаға шыға алмай қалуға рұқсат жоқ!..

Март айының мұздай суық суына қарағың да келмейді. Қаракөк толқындар жұтардай

ұмтылып кеп, суық құшағын ашады. Киіміңе шапшып қалған бірінші тамшыдай-ақ денең

шіміркеніп қалады. Катер қайық биік толқындарды көлденең кесіп, теңіздің ортасына

қарай барады да, жағаға қарай қатты ағызып кетеді. Толқынның бір қырқасынан екінші

қырқасына атып шығып, енді тұмсығымен тереңді сүзе, сүңгуірдей ағады. Қайық

қырқадан қырқаға атқанда түбі бір тас жолға тигендей ұрып отырғызбай кетеді. Біріңнен-

бірің ұстап, әрең-әрең ұшып кетпей отырасың.

Бір қызық нәрсе, мұздай суға күн бойы малшынып, түн бойы кебіне алмай жүрсек те,

бірде-бірімізге суық өтіп, тұмау тиген емес. Теңіздің жарым-жарты суын етегіңмен

сүйрете қырға шығасың да, сауыттағы арақтан қылқ еткізіп бір жұтып, күмп беріп қайта

теңізге кіресің. Алдыңда жүйткіп, орғып қайығың жүреді. Етегіңнен алды түскен суды

тағы да сүйрей қайыққа асыласың... Мүмкін, дүниедегі ауру-сырқаудың қақ жарғысы

аурудан сонша қорқатынымыздан болу керек деген ой келеді...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 195 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)