Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 186 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 182 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 183 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 184 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 185

 

Стр. 187

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сталинград шаһарында сізді біз осылай ұрғанбыз! — деп қалып, екінші гранатасын

тастады. Сонымен шұңқырдан естілген ыңырсу, ыңыранулар та тынды. Володя

гранатасын беліне қайта байлай бастады.

Бізге жаңада ғана қосылған жауынгер Самедтің әрқилы мінезі барлығын байқасам да «иә

ханнан!» дегенін естіп тұрғаным осы еді.

Ол неменең? — деп, келер күні сұрағанымда, Самед баладай ыржиып:

Кім біледі оның немене екенін... Хожа Насреддин ханның уәзірін арбаның,

арысымен ұрғанда осыны айтып ұрыпты ғой, әйтеуір...— деді.

Қалаға теңіз жағынан түсірілген десант әлі арпалысып жатқанын байқадық. Теңіздің дәл

жағасында өршеленіп ұшқан оқтар, ерсілі-қарсылы тасталған гранаталар сол арпалысты

танытты. Едәуір жақындағанмен дәл қасына бара алғанымыз да жоқ. Екі арамызда таяқ

тастам етіп, жиі-жиі қазылған окоптар толы жау әскері еді. Алысқа сілтеген минометтер,

пулеметтер де аттатар емес. Сіңбіріп алғылары келсе де, біз жақ бетке оқтан боран, оттан

шымылдық құрып қоятын немістер бұл айқасқа барын салып, баса қимылдап жатқандары

байқалады.

Десант туралы будан молырақ хабар алу мүмкін емес еді. Володя манағы шұңқырға да,

жаралы жауынгерге де тұра бастап әкелді. Сол сүйеп кеткен бойымызда жауынгер әлі

отыр екен. Көзі ашық, денесі қатты бір ышқынған күйі ширығып, тастай болып қатып

қалыпты. Қарсы алдынан түскен жарыққа ашық қалған кездер күңгірт қана жылтырап,

қайғы-қуанышты аңғармайтын болғанын аңдатады. Жаралы солдат өліп қалыпты... Түнгі

соғысты көріп отырып өліпті.

Барлаудан қайтып келсем, капитан Мирошник өз жаппасында жоқ екен.

Сізді күткелі қашан!.. Жағадағы зеңбіректер штабына кетті. Теңіз жарының

астындағы үшінші үңгір... Оң қол жағында болады. Тез сонда барыңыз,— деді телефонда

отырған жігіт.

Біздің штабтардың біразы теңіз жағасындағы ескі уақытта алтын-күміс қазып алған терең-

терең үңгірлерде, біразы жағаның тіп-тік жарының астында. Окоптар, траншеялар,

штабтар біріне-бірі жалғасып, жердің бір қабат бетін шимай-шытырман тілгілеп тастаған.

Кейбір штабтар жарқабақты тесіп, теңіз жағынан кішкене-кішкене терезелер шығарып

алған. Ондай терезелер күндіз теңіз бетін бақылауға қолайлы болса да, түнде от жақсаң

өзіңді де ұстап береді. Жаудың жылт еткенін аңдап қалғың келсе, ең алдымен өзің жылт

еткізбей отыр!..

Осындай қараңғы үңгірлердің бірі теңіз жағасын қорғайтын зеңбірекшілердің штабы екен.

Ыстық қараңғы үңгірде капитан Мирошниктің даусын таныдым:

Қазір-ақ келіп қалар, жолдас полковник... Кесімді уақыттан көп кешікпейтін

жігіттер еді,— деп, Мирошник біз туралы сөйлеп отыр екен. Өзіміз туралы айтылған

мақтауды естіп тұра беруге ұялып, мен де тез үн қаттым:

Жолдас полковник, капитан Мирошниктің әмірімен келіп едім, рұқсат етіңіз...—

дедім. Қараңғы үңгірде ешкімді көре алмасам да, «полковник» деген атқа лайық честь

беріп, сымдай тартылдым.

Бұл кім? —деді бір дауыс.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 185 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 187 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)