Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 168 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 171 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 172 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 178

 

Стр. 180

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Өшір тұтқындарды! Керек емес! Сен өзіміздің жігіттерді көрсет! Көздері күнге

шағылысып, екі белден бірақ аттап келе жатсын!..

Екі белден бір-ақ аттап?.. Реализм сол болмақ па?

Осы сен теңеумен айтылған сезге тап беретінің нең?

Сондай теңеуді жаңа ғана символизм демеп пе ең? Мен айттым ба?

Сен айттың.

Сен айтқан екенсің!.

Жас суретші мен жас сыншы бірін бірі қырқылжыңдар тартатын қиялдардан тоспай, таяу

жерлерден тап-тап береді де, тез ілгесін, тез бөгелісіп қалады. Кейде теңеуді, кейде

бейнелеуді символизм деп қалып, оңай ұтылып, оңай құтылып отыр. Володяның үн

симфониясына, бояулар гаммасына қарай тарта алатын да жайы бар. Бірақ оны айтсам

Сережа ойын көріп қалар деп ол жаққа әлі аяқ басқан жоқ. Сонымен бірге, сөз жарыса

келе, қызып та алыпты.

Суретші байғұстың онсыз да ауыр толғағын бәріміз қосылып ауырлата түсетін кездеріміз

де болады. Әрқайсымыз әр түрлі сын, әр түрлі тілектер айтып, кейде тіпті қияға тартып

кетеміз. Кавказ етегінде өткен тоғыз айлық өмірді бір ғана суретке сыйғыз деп қысамыз.

Сережаның бұл салып отырған суретінің атын «Қоштасу» деп, күні бұрын қойып беріп

едік. Онымыз Кавказбен өзіміздің қоштасқан Теректің бойы еді. Терек өзені жаудың

барып тірелген де жері, кейін қарай жөңкіле қашқан да жері.

Қазбек пен Каспийдей екі қарттың ерке қызы Терек тастан-тасқа секіріп, тулап жатты.

Суық тас құшақтан құтылып, Каспийдің шалқар кеудесіне жерге асыққандай, ышқына

жұлқынып, есіліп ағады. Көбік атып, шапшып шашыраған көгілдір су жыртылған көк

жібекке ұқсайды да, тастан тасқа секіріп бара жатқан ерке сұлудың, жарқылдаған сирағы

көрініп кеткендей болады.

Әр асуында мың түрлі ертегісі бар, қиясына қыран ұялаған Кавказды да, асау сұлу Теректі

де біз сол қоштасарда ғана көз тоқтатып көріп едік. Оған дейін Теректі қарындасымыздай

қорып, жауға суын таттырмадың та, бірақ өзіміз де көз тоқтатып қарай алған жоқпыз. Әр

қиясы алдырмас қамалымыз болған құж тауды да сол қоштасарда ғана көргендей едік.

Теректі жазған улы ақын анау бір қан күрең құздың төбесінде тұрып көргендей болады.

Кейде ойланып, басын кеудесіне салып тұрған ақынның өзі де көрініп кетеді. Көз

талдырар көркем таудың күміс қырқаларынан сырғып кеп түскен ақын көзі құйындай

екпінмен ағып жатқан асау өзенге қадалған. Өзен ағысын азғана тыңдасаң, ақын жазған

өлеңнің ағысы да есіңе түседі. Кептен бері есіңе алмаған сөздер түйдек-түйдегімен ойыңа

оралып, ырғағына еріксіз ыңылдап үн қосасың.

Таңертеңгі күн сәулесі тау қойнына ұрланып қана, ұялып қана кіріп келе жатты. Суық

түксиген қоңыр құздардың бойы жадырап, қабағы да жылына бастады. Күн сәулесі әуелі

алып жоғалардың бүйіріне түсіп еді, енді кәрінің жонын сипай, кеудесіне қарай өрледі.

Суға бір түсіп, қайтып шықпай қойған пілге ұқсаған қара қошқыл кесек бір жартастың

үстіне шығып алып, Володя:

Лермонтов қандай ұлы ақын болған, жолдастар!.. Ақын берген бар сипат дәл сол

күйінде тұрған жоқ па!.. Ұлы ақын Терекке де дәл осы жартастан қараған болу керек.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)