Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 167
Стр. 169
Қазақстанның ашық кітапханасы
Ревякин менімен бірге шықты да, далада қоштасты:
—
Ростов үшін берілген орденіңді ертең аларсың. Ертең сені партияға аламыз. Өліп
қалып жүрме! — деді.
Әскер уставы бойынша политругіңді құшақтауға болмаса да, мен қараңғыны пайдаланып,
Ревякинді құшақтай алдым.
—
Өй, мұның не? — дегенмен мені Ревякин де құшақтап алыпты. Құшағымыз
айрылғаннан кейін Ревякин:
—
Тарасенкомен танысқаның жақсы болған екен. Ол. бір адал жігіт! — деп, қолымды
қысты. Маған мұнысы Тарасенкоға арналғандай сезілді...
Тас жыраның ойпатына түскенше, жау оқтары мені екі рет атқылады. Бір жерде тасты
тасаланып біраз жатып та қалдым. Ертең партия жиналысында болатыным есіме түсті.
Төбемде Кавказдың қаракөк аспаны мен айқын жарқыраған жұлдыздары тұрады.
Арқамды Кавказ құзына тіреп тұрып, мен партияға алынам, басқа жерде емес, Кавказда
алынам. Ұлы Кавказ алдында ұлы көсеміміз бастаған партияға кірем. Кавказ атынан
айыра алмайтын ыстық бір ойлар шумақ-шумағымен келіп, теңіз толқынындай тербетеді,
сайрап тұрған ойлар егізім білер тіл шеңберіне сыя алмай, не екенін атай алмай
жатырмын. Бәрі де Кавказдай алып, Кавказ жұлдыздарындай ірі де шұғылалы сезіледі.
Мен үңгірімізге келсем, Петр Ушаков тағы бір топ иттерді алып келіп жайғастырып жүр
екен. Жыраның арғы бетінде үш жерде күзетші қарауылдар тұр. Үңгірдің:түбегін де
фонарь жарығын тасалап қойып, Володя мен Вася неміс автоматтарын бұзып, жинап
отыр.
—
Неге демалмадыңдар?—дедім мен қастарына келіп.
—
Біз демалдық. Қазір басқа екеуі демалып жатыр. Ендігі кезек өзіңдікі,— деді
Володя байырғы қалпымызға кешіп.
Өткен күннің олжасынан жауынгерлерімнің бәрі де қызуланып, сергіп алыпты.
—
Күн бойы демалдық қой, жолдас аға сержант... Күн батардағы бір сағат болмаса,
өзгесі демалыспен өтпеді ме... Тұруға рұқсат етіңіз! —деп, жатқан екі жауынгер де тура
келді. Ол екеуінің мен келе жатқанда ғана жата қалғандарын да білдім. Бірінің беті де
уқаланбаған, бәрі де ұйықтамаған адамдар.
—
Қырынып алсақ қайтеді? — деп, Петя жарыққа қарай келе жатыр. Мұндай
жауынгерлермен бір тәулік емес, бес тәулік шыдауға болар деген сеніммен мен қырынуға
отырдым...
—
Костя, сенің қатының қайда осы?..
—
Өзінің орнында ғой деймін...
—
Хатында не жазыпты?
—
Бұл хат оныкі емес.
—
Е, сен әлі күнге дейін басқа әйелдерден де хат ала беремісің?
—
Оны қайдан білдің?
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 167 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |