Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 163 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 153 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 154 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 155 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 156 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 157 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 158 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 159 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 160 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 161 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 162

 

Стр. 164

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Кешке қарай біздің орнымыз да байқалып қалған екен. Істеп отырған ісіміз де танылған

сияқты. Тонналаған снарядтар төбемізден ұрғылай бастады. Үңгір айналасындағы кесек

тастар жаңқадай жарылып, жан-жаққа үшкір тастар атылады. Үңгір аузына өскен тікен

түптері түбірінен күзеліп қалды. Болат қалпақты найзаңа кигізіп, азғана қылт өткізсең,

бірнеше жерден атып отырған мергендер барын көресің. Тасқа келіп шып-шып тиген

оқтар сонадай зуылдап әлдеқайда ыршып кетеді.

Енді бізде екі-ақ жауынгер ит қалды. Жалғыз пулеметіміздің үнін шығартпай, қысылшаң

кезеңге сақтап отырмыз. Өйткені, жаудың жаяу әскері бізге қарай тап беретіні даусыз еді.

Ұзамай ол белгілер беріле де бастады:

Оң жағымыздан орап бара жатыр,— деп, Вася Гришин екінші рет артына бурылды.

Алғашқы жолы үндемеп едім, бұл жолы жолдастарымның бәріне естірте:

Сол жағымыздан да орап барады. Бірақ бізге тап бере алмайды. Тап бере қалса,

онымыз он-оннан жастығымызды ала қулауға да ризалық бермеспіз. Әр неге де әзір

отырыңдар! — дедім.

Мен мұндай тым берік бекініске неміс әскері бата алмас деп отыр едім, қаталасқан екемін.

Бір кезде қарсы алдымыздан елу шақты жаяу әскер, билегендей ойнақы жүгіріспен бізге

қарай тап беріп қалды. Амал жоқ, автоматпен қарсы алдық. Олар қырқада, біз аршада,

ыңғайлы жақ біздің қолда еді.

Соғыс қатал мінезді нәрсе. Ойнауды да, билеуді де көтермейді. Билеушілер тезірек теріс

бұрылды.

Енді олар біздің жайды да көбірек байқап қалды. Әсіресе, қатар дүрсе қоя берген он

шақты автомат естерінде қалу керек. Сен шегінген жолы жауыңның аз күші де көп көрініп

кетеді. Немістер «бұл жерде жаудың бір взвод солдаты бар екен» деп байлам жасаса,

онысына таңданудың да керегі жоқ.

Сол жағымыздан орап бара жатқандар, біздің алдыңғы шептің лебінен тез шегініп, етекке

тусті. Оң жағымыздан орай алмайтындарына енді біз де сеніп қалдық. Ойдан өрлеп,

қырқаға бекінген жаяу әскерді шегіндіру деген ілуде бір-ақ кездесетін нәрсе. Мен

бөлімімді қарсы алдымыз бен оң жағымызға қаратып бөлдім.

Оң жағымыз біраз жалаңаштанып қалған сияқты. Жау автоматшылары жыраның ар

жағымен өрлеп, енді жыраның табанына жиналып жатқан сияқты. Сол жағымыздағы кең

жазықта астан-кестен айқас жүріп жатыр.

Он жауынгер енді үңгірді тастап, тас жыраның қатпар-қатпар қалтарыстарына бекіндік.

Енді пулеметті жасырудың да керегі болмай қалды. Айналағастан-кестен атыс болса да,

сен өзіңе қарай ұрланып келе жатқан жаудың тысыр-сыбдырың аңдисың. Сені ол бұққан

бөденедей көріп, сонша тарсыл-гүрсілдің астында келе жатса да, сөз жоқ, аяғын ұрланып

басатындай көрінеді. Сонша тарсыл-гүрсілдің астында тұрып, сен де аяғыңның астынан

суысып кеткен ұсақ тастардың таспиқтай тырсылдағанын есітіп қаласың. Өйткені, бұл

сенің тап өзіңе келе жатқан қауіп.

Ауыр хәлдің жақындап қалғанын неміс снарядтарының бұл маңайдан ауып кеткенінен

танығамыз. Он жауынгер жаудың бір ротасымен айқас салуға әзірленіп, тас түйін тұрып

қалдық. Мұндай халде қапылыста шығып кеткен жылы сөз де, сасқалақтап берілген әмір

де, жауынгер ойына қобалжу кіргізеді. Жылы сөз ойына кірген босаңдық белгісі де,

сасқалақ әмір үмітсіздік, ұтылыс белгісі.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 162 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 164 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)