Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 156 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 153 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 154 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 158 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 155

 

Стр. 157

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Тарасенко телеграмды оқып шықты да:

Бәрібір, екеуің бір бөлімде емессіңдер ғой,— деді.

Содан кейін, менің ыңғайымды тани кетіп, үнсіз ғана қолын суретке созды.

Көзі жаудырап, дененің бір мүсінін жасырмай, жеңіл шұбар көйлекпен жаздыгүні түскен

сурет комиссарға да ұнағаны байқалады. Ішімнен:

Ақботаның аяғына мін тағып көрші! — деп турмын. Шынымды айтсам, әйелдің аяқ

мүсіні деген өз басымның, қадала қарайтын, ең бұрын көретін нәрсем. Сонымды барлық

еркектің мінезі шығар деп ойлап тұрмын.

Тарасенко суретті өзіме қайтарып беріп жатып:

Жау оғынан қалай қорғай алар екенсің?..— деді.

Өзі қорғай алар деп сенемін,— дедім.

Осымен ешбір нәтижеге келе алмай, әңгімеміздің. бұл

саласы да аяқталып қалды. Тарасенко әйтеуір менің көңілім үшін аударыстырған болып

отырғанмен хаттардың біреуін де оқыған жоқ. Дос жолдастары кім екен дегендей,

адрестерін ғана шолып отыр.

Мына Ревякин деген кім, политрук емес пе? — деді бір кезде, көзінің ақ-қарасымен

бірдей маған тесіле қарап.

Иә, жолдас комиссар, аға политрук,— дедім.

Аты кім? Миша Ревякин емес пе?

' — Тап соның өзі, жолдас комиссар!.. Михаил Иванович Ревякин.

-— Соғылған Миша Ростовта екен ғой!..

Тап солай, жолдас комиссар! Ростовта!..

Ол екеумізді ескі достар деуге болады.

Тап солай, жолдас комиссар!..

Соңғы жауабымның орынсыз екені айқын болса да,, абайсызда оны да айтып қалдым.:.

Тарасенко онымды аңдап қалғандай көзін маған бір жалт еткізді де, үндемеді, жымия

отырып Ревякиннің хатын түгел оқып шықты.

Орныңды өзіңе сақтап отырмыз, тез кел дейді, ә? Ие, ол солай жазады...

Тап солай, жолдас аға политрук.

Харьковта курсты бірге бітіріп едік. Өзі Курскінікі. — Тап солай! — дедім тағы да,

Ревякиннің қай жердікі екенін білмесем де.

Ревякиннің ойынды-шынды әмір бере жазған хатын оқыған сайын, әр сөзінен өзіне таныс

мінез тауып, Тарасенко бірдеме деп қалады, мен де оның сезін мақұлдай түсем. Кейде мен

мақұлдап үлгіре алмай қалсам, Тарасенко өзі мақұлдап:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 155 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 157 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)