Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 148

 

Стр. 150

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Соның артынан төрт күннен кейін апам келіп қалды. Қаруымдағы оғымды алып қолыма

бергелі екі жеті өтіп, мен өз аяғыммен жүріп кеткен кезім еді. Апам мені коридорда

құшақтай алған бойы, үйдің екінші қабатына көтеріліп, біздің бөлмеге кірді. Вокзалдан

барып қарсы алған Гуля бар жайды түгел айтса керек, шешем жылаған жоқ. Шұбар

қоржыны қандай толық болса, көңілі де қуанышқа сондай толы келген еді.

Тұрып кеткенің нең, балам-ау... Оған әзір бола ма екен...— деп, бір ғана қабағын

шытты да, содан кейін уайым белгісін көрсеткен жоқ. Мұнысы да маған емес, докторлар

мен Гуляға айтқан кінәсі сияқты еді.

Жоқ, апа, мен енді сау адаммын. Әшейін демалып жатқан жайым бар,—дедім.

Апамның бояуы кеткен кәрі көзі анда-санда маған қадала қарап, өзі білетін нысаналармен

тексеріп жатқан сияқты. Бала жайында барлық ананың өзіне ғана сенетін әдеті бойынша,

тұла бойымды түгел барлап шықты да, көзін сүртті:

Жүрегім қобалжыған жоқ еді,— деді.

Бар ананың баласын жаманатқа қимайтын әдеті ғой, апам қорыққан да, жылаған да

сияқты. Бірақ одан арғыға ойын жібермеген. Әлдеқайда алыс қиядан балапанның шаңқ

етіп қалғанын естіген де, ұя басар, қамқор ана жетіп келген. Апам, ауру адамның көңілін

босатқысы келмегендей, өзін-өзі ұзақ ұстап отырды да, менің сауыққаныма әбден көзі

жетіп болғасын ғана өз жүрегін ақтара бастады. Қой баласы — қозы, жылқы баласы —

құлын, құс баласынан — қарғам, бәрі де маған теңеліп жатыр. Тауық пен тышқан

балапандарынан басқаның бәріне де бір-бір теңеліп еттім, енді қайталана бастады...

Шеше мен баланың ендігі беттері ішкі сорға қарай ауысып бара жатқанын сезіп, Гуля

шығып кетті. Енді неден бастар екен деп мен күтіп отырмын. Ала қоржыннан ба, басқадан

ба?..

Шешем адасқан жоқ. Қара барқыт камзолы мен көк барқыт жеңсіздің қойын қалталарына

мықтап салған бір құшақ жып-жылы хаттарды берді. Ақбота жазған сөздер әлі суынбаған

да, шешем ол сөздерді суыққа тигізбей әкелген. Оқудан бұрын біраз уақыт кеудеңе қысып

жатқың келетін сияқтанады. Мен сол жағыма қисайып жатқан бойымда хаттарды

жастығымның астына қарай тартып қойып ем, өзінен-өзі ойлаған жеріме тиді... Денем сол

жылылықты сезінгендей болды.

Апам жүруге әзірлене бастаған соң-ақ Ақбота да күнде бір хат жаза беріпті. Әр жазған

хатында енді бір ауыз сөзі ұмыт қалғандай, ертеңіне тағы біреуін жазыпты. Мен оған

солдат ойын ашық айтып, мәселені үзілді-кесілді түрде қоятынымды аңғарта жазып ем...

Мына хаттар бәрі жиналып, соған жауап берген. Әуелі аздаған тартынғандық бар. Енді

біреулерінде әйелге тән ойнақылықпен дәмелендіру кезек ауысып келіпті де, ең соңғы

хатында уәдесін беріпті. Шешем почтальонға ұсап, барлық хатты бір-ақ әкеп тапсырып

отыр.

Мен бірінен соң бірін алып хаттарды оқып жатырмын да, шешем менің кезіме қадалып,

менің ойларымды оқып отыр... Ақботаның хаттарын асыға-аптыға оқыған мен көп

түсіндім бе, менің көзімнен апам көп түсінді ме, оны осы күнге дейін айта алмаймын.

Әуелі Ақбота екеуміз түйе жүннен мына бір жылы көйлекті тоқып едік. Керек

болар, ала бар деп, Ақбота мына біреуді де салып жіберді... Мен қайдан білейін, өздерің

білетін шығарсыңдар деп, ала келдім...— дейді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)