Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 135 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 141

 

Стр. 143

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

«Сол ма деп қалып ем...— деп өкінген көз енді бір айналып қарағанда,— менің жарымды

көрмедіңдер ме? Бірге болғандарың жоқ па?»—деп сұрап тұрғандай болады.

Әйел, әрине, бізді қарсы алуға шыққан. Сонымен бірге, жаралылардың ішінен өз жарын да

кездестіріп қалам ба деген үмітпен жүрген сияқты. Мүмкін, әр эшелонды қарсы алғанда

сол үміті ылғи ере жүретін де шығар...

Ие, бауырым, кейбір жақын жандарды енді кездестіре алмауымыз да мүмкін. Соғыстың

аты соғыс қой, ол құрбансыз болмайды. Жас өмірін Отан жолына құрбандық етсе,

жарыңның сол ерлігі демеу болсын жаныңа! Ер жолдасым деп қана қойма, Отанның адал

ұлы деп ал есіңе! Бұл ойыншық емес.

Жоқ, айналайын бауырым, көзіңе қайта-қайта қараймын да, үзілмес-өшпес үміт отын

көрем. Үзбе сол үмітті, күте біл. Солдаттың, ең жақсы көретін өлеңдерінің бірі — «Күт

мені, күт!» екенін өзің де жақсы білетін боларсың. Күт, бауырым, мен де жарыңа аман

кездесуіңді тілеймін.

Қамқорларыңыз осы кісі болады. Облысымыздағы мәдениет майданының

командирі, Күлай Даниялова,— деп, обкомнан келген адам бізге жаңағы әйелді

таныстырды. Осыдан былай қарай біз де сол қарындастың әміріне көштік.

Вагоннан шыққан соң-ақ, жарты миллион халқы бар көп мір қаласының кең демалысы

сезіле бастады. Үркердей жиі тізілген электр жарығы, әлдеқайда алысқа жайылып,

белдерден асып түсіп жатыр. Ерсілі-қарсылы шұбаған көп поездің тиеп алғаны бәрі көмір

сияқты.

Біріне-бірі жақын салынған шахталардан шыққан кен қалдығы тау-тау болып үйіліп,

боранды түнде биік бір тау қырқалардай көрінеді. Кенмен кеткен кемір ұсағы өзінен-өзі

тұтанып, көгілдір оттары алыстан көрінген тау арасындағы бір қаланың оттарына да ұқсап

кетеді. Бұрын көрмеген адам Қарағандыны бірнеше жоталардың үстіне, шатқалдардың

арасына салынған қала деп те қалатындай екен.

Бұл немене?Қарағанды тау арасында ма еді?—деді Гришин маған. Екеуміз

бірімізге-біріміз иығымызды сүйей отырып, бір машинада келе жатыр едік.

Саған жел тимесін деп, тау жасап қойған ғой...— дедім мен Гришиннің ең бір

қорқатын қаупін есіне салып. Бізбен бір машинаға мінген Күлай жолдас менің

жауабымның қалжың екенін түсіне қалды да, Гришинге жоталардың жайын түсіндіре

бастады.

—• Өзім де тіпті алаңғасар екенмін-ау...— дейді Гришин — көмір шахталарының

маңайында кен қоқымы үйіліп қалатынын білмейтіндей сұрағанымды көрдің бе!

Гришиннің жауабындағы шахта жайын білетіндікті аңдап қалған Күлай:

Мамандығыңыз қай жағында еді? — деп сұрады.

Мамандық? Ол қайдан болсын әлі,— деді Гришин қысылыңқырап қалып,— мен

әзір оқушымын... студент едім...

Машина жаңа Қарағандының биік бір үйінің алдына тоқтады. Жаңа қала бейбіт

шақтағыдай жарқырап тұр екен. Күн батса-ақ жарығын сөндіріп, бар терезесін тұмшалап

тастайтын жақтан келген жауынгерлердің алғашқы қуаныштары да осы жарық еді. Ата-

бабамыз мұндай жарықты көрмей етсе де, біз оны қатты сағынған екеуміз. Жаңа


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)