Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 136 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 137 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 138 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 139 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 145

 

Стр. 147

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Гуля мәдениет майданының командирі ғой, жұмыскер жұртшылықтың мәдениет

жақтарын да тәптештеп айтады. Біз соғыс кезінде: театр, кино, әдебиет жұмыстары

шегініп қалған шығар деп ойлаушы едік. Жоқ, шегінбепті. Қарағандыда осы күзде жоғары

дәрежелі мектеп ашылған, жаңадан екі театр қосылған. Уақыт ауыр, әрине, бірақ жұрт сол

уақытты бейбіт шақтағыдан анағұрлым артық жүк артып жөнелтіп жатыр.

Гуляның жүзінде әр кезде шала ұйықтағандықтан жұмыс бастылықтың іздері тұрады.

Сонда да бізге күн сайын бір соғып кетеді. Оның келуін біз де сағынып күтеміз. Бірақ

шаршағандығын көріп:

Біз енді тек жатқан адамдармыз ғой... Босқа уақытыңызды ала бергіміз келмейді,—

десек.

Мен сіздерге азырақ демалу үшін келем; үйім де осы арада ғана,— дейді. Кей

күндері түнде де келіп кетеді.

Гуляның қолында Гришин екеуміздің екі түрлі сырымыз бар. Гришин Қарағандының кен

байлықтарын қазбалап сұрайды. Мен телеграммаларым мен хаттарымды жаздырам.

Алғашында іркіп қалған сөздерім бара-бара түгел айтылып, қоймам түгел ақтарылып

қалды...

Гришин Гуляға кен мамандарына беретін сұраулар береді.

Дүниелік қор дегенде, салыстыратыныңыз немене? Санмен қатар сапалық

қасиеттер, жалғас компаненттер түгел тексерілген бе? — деп те қояды.

Гуля «мен кен маманы емеспін» деп бастайды да, қолма-қол өмірден үйренгенін іркілмей

сөйлеп, әңгіме созылған сайын Гришиннің таңдануын молайта түседі.

Сол байлықтар қазір түгел алынып жатыр ма? — дейді Гришин.

Түгел емес, әрине. Күшжете бермей, бөгеліп отырған жайымыз да бар.

Ғылымдық күштерді айтасыз ғой?

Ие, ең алдымен ғылымдық күштер...

Гришин Қарағандының, байлығына таңдана ма, әлде жас қана қазақ қызының, сол

байлықтарды еркін білетініне таңдана ма, әйтеуір, ұзақ-ұзақ аңырып қалады.

Сіз болашақ геолог, білуіңіз керек... Ағылшын обырларының бірі Урквард Лесли

Совет үкіметіне хат жазған ғой. Хатында ол «Балқаштан арғы далаларды ептеп қазып

көруге» руқсат сұраған. Сол далалар осы облыста. Оның ойынша бұл далаларға біздің қол

бері салса — елу жыл, әрі кетсе — жүз жылдан бергі жерде жете алмайды деген. Қазір сіз

сол даланың қара қазаны Қарағандыда отырсыз,— дейді Гуля.

Гришин еліңнің осынша байлығын неге жасырып келдің дегендей, маған кінәлау көзімен

қарайды. Қазақстанның байлығын өзім де жаңа сезініп отырғандай, масаттанып кетіп, мен

оған:

Қалай екен? —деймін. Неменені «қалай екен!» дегенімді өзім де онша айқын біле

бермеймін, бірақ Гришин менің сұрауымды дұрыс ұғынып:

Таң қаларлық! — дейді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)