Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 140 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 141 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 142 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 149

 

Стр. 151

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Шешем енді «мен» демей «Ақбота екеуміз» деп сөйлейтін болыпты. Реті келіп қалған

жерге «өздерің білесіңдер» дегенді де қыстырмай қалмайды. Шұбар қоржыннан түйнек-

түйнек болып шығып жатқан сәлемдемелердің әрқайсысын қолына алған сайын,

Ақботаны да аузына бір алып қояды:

Байғұс бала жалғызсырап жүр ме, әлде неғып жүр...— деп, әлдеқашан үй іші болып

кеткендіктің белгілерін білдіреді.

Жылма-жыл жаңарып, жайқалып, әсем бір ағаштар өседі. Жазғытұрым қаптап шыға

келген жас бұтақтары ауырламайды да, алаламайды да. Әрлі бірге жайқалып, бірге

шаттанады. Көркем тәкаппар шайқалысы сол жаңа жапырақтар мен сол жаңа

бұтақтарының қуанышы ғой. Апа байғұс сол көркем ағаш сияқты.

Ақбота қалай, өзіңді сыйлай біле ме?— дедім, шешімнің азды-көпті күдігі болса, біржола

жоғалсын деп оймен.

Құлыным-ау, сол емес пе сүйенерім. Кейде, тіпті сенің бар-жоғыңды ұмытып

кетем,— деді шешем.

Шешеңнің ұмытып кеткені жақсы емес, әрине... Бірақ бұл Ақботаға қояр кінә да емес еді.

Шешем Гуляның үйінде болды. Күн сайын Гулямен бірге келіп, ұзақ отырып қайтады.

Күн сайын Ақбота бірдемеден қысылып қалған жоқ па екен деп, менен сұрайды.

Жоқ, апа, тынышжата бер,— деймін.

Бұл жаз белгілері білініп, терезелерге сүңгек тұра бастаған кез еді. Бір жетіден кейін

шешем қайтуға асыға бастады.

Соғыс уақыты той, Қайрош... Жата бергенім ұнамаса — деді. Соғыс уақыты ғой

дегенді әдетіне сіңген сөздей айтқандығы сонша, мен таңданған да жоқпын, қайталатқан

да жоқпын.

Шешем «Қайрақты» колхозының бау-бақшалық егістерінің бригадирі екен. Қарамағында

дәл қырық төрт гектар жері болып шықты. Ватикан «мемлекетінің» жері де қырық төрт

гектар... Рим Папасы елші ұстағанмен егін салмайды, жеуді біледі деседі, егуді білмесе

керек. Сондықтан оның не оратынын мен де білмеймін. Дегенмен бірдемені ору үшін

бірдемені егетін де болар... Менің шешем қырық төрт гектар жеріне бау-бақша егіп,

күздігүні соны жинайды.

Жеріміз кінаратшылдау ғой, бабын таппасаң, оңай енім бере қоймайды,— деп те

қояды. Сол баптың күні етіп кете ме деген қауіппен қайтуға асығып жүр.

Шешемнің соғыс уақыты ғой дегені мені де асықтырғандай болды:

«Енді біраз күн осында бола тұр»,— дегім келді де, айта алмадым оны.

Ақбота да жалғыз қалды ғой,— дейді апам.— Ылғи барып тұрмасам, бала ғой әлі...

Демалыс күнде ылғи колхозға қайтып келеді. Баяғы өзің қашып барған балалар үйі бар еді

ғой, оқулары сол үйде, қақпасынан кіре берген

де саған кездесіп қалардай боламын да, жайраңдап кеп Ақботам құшақтай алғанда, сені

тағы да ұмытып кетем...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)