Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 157 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 153 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 154 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 155 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 159 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 156

 

Стр. 158

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Тап Мишаның өзі! Хаты өзіне қандай ұқсап тұр! — деп қояды.

Егер бұл басқа бір Ревякин болып шықса да, мен де бұл бет алысымнан қайтар емеспін.

Өйткені, Тарасенконың әлпетіне қарап, Ревякин арқылы өз бөліміме баратыныма сене де

бастап едім. Бақытыма қарай, біздің политрук Ревякин Тарасенконың шын досы болып

шықты.

Өзгеңді жинап қойып, бірден Ревякин қайт деп жатыр десең ғой, мен әлдеқашан

көнем! — деді Тарасенко.— Отырсаңшы өзің.

Жауынгер жолдастарыма қосылатыным да, партияға алынатыным да, күдік біткеннен

арылып, жүрегім де орнына түсті. Бірақ Тарасенконың соңғы айтқанына лайықты жауап

таба алмай тағы да— тап солай...— дей салдым отыра беріп.

Егер сені Миша керек қылып жатса, өз орныңа-ақ жіберейін... Бар... Менен хат ала

бар,— деді Тарасенко.

—.Ал, қане, Мишаның жайын айтшы. Не істеп жүр? Түгел айт!..

Осымен бар мәселем өз ойымдағыдай шешілетін болып, екі сағаттан артық отырып

қалдық. Ревякин жайында не білсем, мен соларымды жіпке тізгендей етіп, шұбатып айта

бердім де, Тарасенко жаңағы маған ұсап:

Тап өзі! Тап солай!.. Политругіңнің бар мінезін қайдан біліп қойғансың өзің? —

деп, таңданумен болды.

Бір төсекте бірге жатып жүрген әйелі де ерінің сырын мұндай біле бермейді!— деді

бір уақытта.

Сұр шинельдің астында біріңді-бірің тез ұғады екенсің,— дедім мен енді ойыма ие

бола бастап.— Майданда сөз бен ісің, қылығын, мен мінезін, қатар жүреді де, бәрі де көз

алдыңда болады ғой, жолдас комиссар...

Сен Ревякинді осынша жақсы білсең, оның сені қандай жақсы білетінін хатынан

көріп отырмын. Сәлем айт Мишаға, сені партияға алуға мен де кепілдік берем, деп айтты

де!

Рахмет, жолдас Тарасенко!

Өз жұмысым оңына бет алғаннан кейін, мен Вася Гришиннің, жайына көштім. Манадан

бергі әңгімемізден Тарасенконың өмір тарихы да біраз аңдалып қалып еді. Бұрын Донбасс

жұмыскері, кейін партия қызметінде сол Донбасста болыпты. Соғыстың алғашқы

күндерінде Харьковта Ревякин екеуі тоғыз айлық партия курсында оқыған екен сол

курстан майданға жөнелген. Қазір оң қолы шолақ, Қарағандыда отыр. Мұнда келгелі екі-

ақ ай болғанмен нағыз Қарағанды патриоты болып алған.

Біздің Қарағанды қазір жау қолында қалған Донбастың орнын басып тұр! Мұның

болашағы әзір ойыңа да сыя бермейді! —деп қояды.

Оң қолынан айрылған адам, іштей өзін-өзі солдат қатарынан шығарып қояды. Әзірге

әскерлік жұмыста отырғанмен Тарасенко да солай екен. Ол соғыс біткеннен кейін де осы

Қарағандыда қалуға біржола бел байлапты. Қазір әйелі мен баласы, кемпір шешесі де

осында екен.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 156 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 158 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)