Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 164
Стр. 166
Қазақстанның ашық кітапханасы
Бізге шабуыл жасаған неміс автоматшылары, алдыңғы жақтары едәуір селдіреп қалғаннан
кейін, бізден жиырма метр жерге ғана тасаланды. Жаралыларының біразы көтеріле беріп
қайта құлап, бүктетіле беріп шалқасынан түсіп, біржола тыншықты. Сау қалғандарына бас
көтертпей, біз оқ себелеп тұрмыз.
Оқ аз да, жау көптігін еске алып, мен атуды тағы тоқтаттым. Енді тек қылт еткен темір
қалпақты аңдыдық. Сол кезде жаудың алдыңғы қатарынан атып тұрған бір солдат
автоматын лақтырып жіберді де, екі қолын жоғары көтеріп, бізге қарай жүгірді. Бар
дәрменімен қатты ұмтылған бойы секіріп келіп, біздің тас ұяға түсті. Мен Петяны әрең
ұстап қалсам да, қашқан солдаттың ту сыртынан өз жолдастары атып-атып қалды. Кейін
көрсек, бір оқ иығынан, бір оқ арқасынан, енді бір оқ өкшесінен тиіпті. Секіріп келіп
қулаған солдат ышқынып бір аунап тусті де, қозғалмастан қалды.
Бұл ақ кірпік әрең емес, арық қара торы жігіт. Денесі ықшам, орта бойлы, венгер ме,
болғар ма, солардың біреуі сияқты. Немісше білетін Васяға:
—
Тіл қата алса, мән-жайды сұрастыр! — дедім.
Денесіндегі үш оқтан тірі қалмайтынын тұтқын да түсінген сияқты. Сондықтан айтуға
арман еткен сездерін шашалып, тұтығып тез-тез айтып жатыр. Әр сөзі өлер алдағы белгілі
сырымен ығады. Кеуіп қалғандықтан жаңа бүріліп келе жатқан жара сияқтанып тілім-
тілім болған еріндерін ішіне қарай жымқырып, жалап, жұтынып қояды. Күнге күйгенде
бетіңнен гөрі де қоңырланып кететін мұрын енді қуқылданып, көгеріп барады. Демін де
аузынан алып жатыр. Вася аузына су тамызды да біраз жатқызып қойды.
Бізге шабуыл жасаған рота басын көтермей тасада жатыр. Ішіңнен жаңағыдай біреу
шықса, қалғандарын шабуылға айдау оңай да болмайды.
—
Енді түнді күтетін болды бұлар,— дейді Володя маған сыбырлап.
—
Түнге біз қалдыра алмаймыз оларды. Штабпен қатынасар жыраның бойын жауға
беріп қойып, өзіміз қайтпекпіз?
—' Онда айдап шығамыз ба?
—
Жоқ, құртамыз!
Володяның бойына жаңа бір ой келгендей, белін қаттырақ буынып, сүр гимнастерканың
артын жұлқа бір тартып қойды. Мұртын автоматының шоқтығына жайып салып,
тұнжыраған көзін алдынан аудармай Петя жатыр. Мен әзір танымайтын бір-екі жаңа келіп
қосылған жауынгерлер таспен тас болып, автоматтарымен бірге біткендей, тартып
жіберуге әзір отыр.
—
Жоқ, олар түнді күтпесе керек...— деді Вася.— Мынаның айтуынша бұл венгер
мен румын жігіттерінен құралған рота екен. Арттарынан неміс пулеметшілері атқылай
бастамаса, бұл рота басын көтере қоймас дегенді айтады... Жатқан жерлері артынан да,
алдынан да оқ ала қоймас таса көрінеді, ондай жерден басын көтерер ақымақ жоқ
шығар,— дейді.
—
Немене,. немене дейді? — дедім мен венгердің жауабына толық түсіне алмай.
Гришин венгердің жауабын қайта анықтап алғанша, оның не екенін біз өз көзімізбен
көрдік: тасада жатқан. автоматшыларды тағы да шабуылға айдау үшін, алысқа тасаланған
немістің екі пулеметі өз жауынгерлерін атқылай бастады. Екі пулемет қиғаштай оқ
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 164 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 166 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |