Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 158 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 159 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 160 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 161 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 162 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 163 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 164 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 165 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 166 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 167 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 168

 

Стр. 170

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қолыңда отырған әсем хатты әйел ғана жазған болар.

Әйелдер әсем хат жазуға олақ келеді.

Не дейді!

Есіңде болсын, олақ келеді.

Е, сен үйренген адамсың ғой, бірдеме білетін шығарсың...

Дауласпа, білем...

Дегенмен қолыңдағы хатты әйел жазғанына бәс тігем!

Бәс тіксең, ұтқаның... — Ендеше, әйел жазған болды ғой? — Гуля жазыпты...

Біздің дивизияны толықтыру аяқталып келеді. Ол екі арада едәуір демалып қалдық.

Жауынгерлер ине-жіптен жаңа шыққан киімдерін киіп, жалт-жұлт етеді. Әлі тер сіңбеген

ішкі киім, қыры сынбаған сыртқы киім, сықырлаған жаңа етік, бірінші рет тағылған погон

солдат көңілін қатты көтеріп тастады. Екі жылдан асқан соғыс кейістігі ұмытылып, әр

солдат майданға жаңа келе жатқандай қызу да, сергек те. Кеудеге қатарланып қалған

орден мен медальдар тыстан естілген шолпыдай сыңғырлайды. Бұл бір көңілге өте жайлы

тиетін сыңғыр. Етігіміз де сықыр-сықыр етеді. Ұлтандары табан елі, Берлинге дейін

аяңдасаң да шыдайтындай көрінеді. Осы етікпен Берлинге же» терміз деген ой кейде шын-

ақ келіп қалады.

Вася жаңа формалы киімдерін киіп, орден медальдарын жарқыратып тұрып қаз-қатар

тағып алып, сыңғыр да сыңғыр, сықыр да сықыр еткізіп, ұзын залды өрлей адымдап,

отыра алмай жүр. Тыныққан қырынған, сөз жоқ, сұлуланып кеткен. Жақында жарығы

жымыңдап, музыкасы ыңыранып жатқан қала бақшасы болса, ендігі кетіп те қалған болар

еді. Ол бұл маңда жоқ... Сондықтан әрқайсымызға бір келіп, ойнақы сұраулар беріп,

қалжың іздеп жүр. Әйелің демей, қатының дегенді де қалжың туғызу үшін, маған әдейі

айтты.

Васяның әшейіндегі жинақтылығы бәрімізге де мәлім болғанмен қызу үстінде ескі

ботинкасын шығарып тастауды әлі ұмытып жүр. Тұмсық жағы қыс бойы қасқыр кеміріп

шыққандай ескі ботинкасының түсі сары болған ба, қара болған ба, әлде тіпті ақ болған

ба, оны қазір ешкім айыра алар емес. Шөлдеген бақадай аузын ашып, маған қарап

қатарласа. қойыпты. «Ескерткіш етерсің, өзіңде қалсын» деп, бұл ботинканы біздің

шаруақор старшина да алмай қайтарған.

Ботинкаларыңның қарны ашып тұр білем, Вася... Бірдемені асатып жіберсеңші,—

дедім, қалжың іздеп жүрген жолдасыма. Вася кілт еңкейіп, ботинкаларын алып, далаға

шығып кетті. Бұл күнге дейін киіп келген киімінен енді өзі де жеркенетіндей, саусақ

тарының ұшымен ғана

ұстап барады. Бала кезімде үйге кіріп кеткен бақаны шығарып тастарда мен де осылай

ұстайтын едім.

Васяға осылай бір «тойтарыс» беріп тастап, мен Гуляның хатына қайта үңілдім. Васяның

қалжың сұрауынан кейін, хаттың әрбір сөзі жан-жаққа өре жөнелген құмырысқадай

бытырап, ешбір сөздің мағынасын ұстатпай қойды. Әрбір сөз: «Ие, осы сенің әйелің

қайда?» деп тұрғандай көрінеді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 168 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)