Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 177
Стр. 179
Қазақстанның ашық кітапханасы
Кейбір жолдастар бояу исін ұнатпаса да, көпшілігіміз ылғи қолдап, мақұлдап келдік.
Мұртын тікірейтіп старшинамыз кіріп келіп, бұл немененің исі деп сұрай қалса:
—
Терезені ашып едік, даладан келді... Осы бетте бір шіріген өлімтік жатқан
болар...— дейміз.
Өйткені, Сережа біздің ерекше бөлімнің басынан кешкен соғыстың тарихын сурет арқылы
жасап шықпақ...
Сережа салған бірінші суретті полк командиріме тарту еттік. Ол сурет немістердің
Кавказдан қашқан бір кезеңін көрсетуге арналған еді. Етек таулардан құлай созылған кең
далада үсіген асқабақтай өңсіз, сұрғылт темір қалпақтар шашылып жатыр. Әр қалпақтың
маңдайында елім белгісі — тарбиған қара бүйідей көрінетін свастика. Суреттің дәл бергі
алдында кезі үңірейіп ішке түсіп кеткен бір немістің басы жатыр. Үлкен қара құзғын
тұнжырай қарап басқа төніп отыр. «Мен шұқитын тағы бір кезің қалған жоқ па?»
дегендей, сенбей қарайды.
Бас пен құзғынға үрке қарап, бір топ жаяу, жау әскері өтіп барады. Бұл топтың қазіргі
шошынғаны артынан қуып келе жатқан біздің әскер емес, осы қара құзғын сияқты.
Немістің әр солдаты өзі де осындай күнге кездесерін сезіп, шошынып қалған. 1812 жылғы
Наполеон армиясының қанын көрсететін бір суретті еске түсіреді. Бірақ бұл қазіргі
босқындарды дәл елестететін сурет еді. Полк командирі Сережаға үлкен алғыс айтып,
суретті қабылдады.
Сережа қазір екінші суретін салуға кірісті. Володя Толстов суретшінің желкесінен төніп,
сын айтып тұр:
—
Мынауың немене өзі? Күн орнына жез леген тау орнына итарқа салғанбысың?
Мұның аты символизм болады, жолдас суретші! — дейді Володя, еп, бір шетін жерге
жабыса сынап.
—
Символизм?..
—
Әрине!.. Екінші, таңертеңгі күн шұғласы әуелі таудың қырқаларына түсер болар...
Ертемен қырқалардың өркешіне найзағай жарқылы ілегіп қалғандай, жанып туратынын
талай-ақ көрмеп пе ең? Бұл кезде тау аңғарлары әлі қара көлеңке тартып тұнжырап
тұратыны қайда?
—
Бұл сыныңды қабылдаймын. Таңертеңгі мезгілді өзімше алып кеткенім рас екен.
Бірақ символизм дегенің артығырақ қой деп ойлаймын,— дейді Сережа қысыла бастап.
—
Артығырақ деп ойлаймын? Ендеше, бері қара, менің әp бояуыңның нені айтып
тұрғанын көрсетіп берейін деп, Володя сыңаржақ сыншының қызуына қарай бон ұрып
барады. Бірі кәдуілгі сынға түскен суретші, бірі кәдуілгі сыншыға ұсап, бірі қысылғаннан
қызарып, қызғандықтан қызарып барады.
Сережа рақымсыз сыншыдан қорғау тілегендей, көздерін тез-тез қағып, бізге қарап қойып:
—
Бейнелердің бәрін бірдей символизм десек, реализмнен не қалдырамыз? —дейді.
—
Жә, мынауың Терек өзені болсын. Мынаны арғы қабақтағы күрең құз дейік. Сонда
мына қайыршыларың кім, алба-жұлба?
—
Е, ол тұтқындар емес пе? — дейді Сережа, сыншыны жерін ұстай алғандай екілене
сөйлеп.— Ол тұтқындар! Алба-жұлба емей, қандай еді?
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |