Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 171
Стр. 173
Қазақстанның ашық кітапханасы
Вася, әрине, Гуляға жүректен жарып шыққан сөздерден құралған, іші-тысы бірдей әдемі
келген хат жазғысы келеді. Қарағандының болашақ инженері үстірт те болса,
Қарағандының байлықтарын мадақтағысы келеді. Түптеп келгенде, Гуляға арнайтын
әдемі сөздері ұмытып қалып, геологиялық лирика болып шығуы да мүмкін...
Жарқыратып таққан ордені мен медаль дары сыңғыр-сыңғыр етіп, Петр Ушаков қайтып
келді. Майданда көбінесе тұнжырап жүретін Петяның қазір басындағы пилоткасы да
ыржың қағып тұрғандай.
—
Кергітіп тұрып, ірі планға түсіп қайттық! — деді Петя, қалай түскенін бар
бейнесімен қайта бір көрсетіп, тұра қалып. Қара мұртының астынан қаз-қатар тізілген ақ
тістері де көрініп тұр, езу тарта әдейі тістерін де көрсетіп түскен сияқты суретке.— Бар,
Вася, сені де ірі планда түсіруге шақырып жатыр!
—
Ірі планда түскеніңді қайдан білдің! Кино аппаратының ішіне кіріп, көріп шықтың
ба?— деді, азырақ қызып отырған Вася Гришин.
—
Қайдан білдің!.. О да сөз бе екен?.. Оператордың өзі айтты! Әрбір орденің
алақандай, гвардиялық белгің ат табанындай болып шығады деді!..
Бұл жігіттер бүкіл Отанға ірі планда көрсетілуге туратын адамдар! Киноға түсіріп алуға
келген адамдарға біздің бөлім әшейін ұсынылған жоқ, мыңдардың арасынан атап
көрсетілді. Грекше бір той едік десек, онымызда бойға сыймастық еш нәрсе жоқ та еді.
Қырық үшінші жылдың бірінші түнінен бастап, дәл осы демалысымызға дейін әр кезде
шабуылдың алдында болып келдік. Шегінген кезде артта болсақ, шабуыл кезінде ылғи
алдамыз. Жаяу да жүрдік, машинаға да міндік, танкіге де міндік, керек десеңіз, жау
танкысыне да міндік. Бір кезде шапқан жауға қайрылып қарсы ұмтылсақ, енді қашқан
жауға ең бұрын жететіндердің ішінде келдік.
Қырық екінші жылдың толассыз кейістіктері қазір ұмытылып артта қалды. Өйткені,
қырық үшінші жыл кесек бір уақиғалармен басталып кетті де, сол екпін әлі өсумен келе
жатыр.
Атақты қырық үшінші жылдың жаңа күні әр бұлтқа бір жасырынбай, отты кірпіктерін
ұзын-ұзын найзадай етіп бұлтсыз таза аспанға сүйей, Кавказ қырқаларына бір-ақ шығып
қалғанын көрдік. Қалай сүріне, жасала-жөнделе қашқан жаудың өлімтігінен аттап өтіп
келе жатып:
—
Жаңа жылың құтты болсын қарт Кавказ! — деп айғайламаған солдат болған жоқ.
Күміс жоталары күнге шағылысып, жүзі жадыраған құз Кавказ әрбір солдатқа — осы
беталысың баянды болсын!—деп тұрғандай еді.
Таңертеңгі көгілдір аспанды шоқтығымен тіреп тұрған ақбас Эльбрус сол күнімізден көзін
жазбаған әділ куәміз. Ұзақ тарихтың куәсі алып қарт сол күнге теңерді көрді ме екен?..
Кавказдың әрбір қатпарына құртша үймелеген жау қолын найзаның, ұшымен түйреп
алып, етекке қарай құйындай қуып түсірдік. Жау қолы айлар бойында өрмелеп жеткен
жерінен бір күнде сыпырылып түсті. «Кавказ қарқыны» деп аталып кеткен сол екпінмен
әлі келеміз!..
Жаңа жылға кірер алдында, біз болған мен болашақтың шекарасына жақындай бір халде
едік. Сталинградты қоршап алған жау қолын сыртынан қапсыра темір құрсау салынып
қалды. Артқы күштерінен ажыраған жау болат қоршауға алынды да, бар қақпа біржола
жабылды. Бұл солдат ойының оңай ұғатын нәрсесі. Сталинградқа кірген жыланың басы
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 171 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |