Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 181
Стр. 183
Қазақстанның ашық кітапханасы
Сережа бұл қалжыңды аңғарса да, оның ар жағында бірталай шындық жатқанын сезініп,
бұрынғысынан да қызарыңқырап кетті. Әлде ғана, қалжыңсыз талас кезінде, суретші көп
нәрселерді мойындағысы келмей отырса, енді мойындап бара жатқаны байқалады.
Шаншы алатын істігі бар «сын» үстірт айтылса да шаншудай қадалып еді, ауыр айтылған
достық сын суретшінің ойына қона қалды. Бұл күнге дейін сын көрмеген Сережа манадан
бері айтылған сындарды өзінше екшеп алып, енді Володя айта алмаған көп нәрселерді өзі
міней бастады:
—
Менің творчестволық жолым бірталайдан бері окоп, айқастар арқылы етті ғой...
Осыны ойлап жүрді деймісің. Менімше, бұл суреттен іске татитыны «Қоштасу» деген аты
ғана. Өзгесін түгел өшіру керек,— деді орнынан тұра беріп.
—
Жолдас суретші, сізде үлкен дарын барлығы даусыз... Сіз әлі үлкен еңбектер
жасайсыз... Әзірше жолдастық сын көбірек керек... Кел, отыр, қосылып жасап көрейік,—
деп, Володя Сережаны құшақтап алып, екеуі суретке бірге еңкейді. Енді, шанышқы да
жоқ, қалжың да жоқ, екеуі бірге ойласып, бірге қиналысып тұр.
—
Сен мына бір жігітіңді қалай салғаныңды байқаймысың? Мұның тұп-тура
Печоринге ұқсап кетіпті... Өзімізге таныс жігіт қой. Печоринге ұқсайтын түгі де жоқ...
Онша бір сұлу жігіт десек, жала болар еді... Біз реализмнен шықпауымыз керек. Өзі
қандай болса, сондай етіп көрсетейік. Сұлу болмаппын десе, құдайына өкпелесін! Есіңде
ме, үстінде қырық жерінен оқ тескен шинелі бар еді... Кейбір жерін машина үстінде бірге
жамасып бергеміз...— дейді Володя.
Мен бұл айтып отырғандары менің жайым екенін сезбегендей, өз жұмысыммен болып
отырмын. Жаңадан қосылған жауынгерлерімнің қандай сыннан еткендерін біліп алуым
керек. Аяқталмаған хаттарым бар... Дивизиямыз енді жаңа жағдайда болады. Менің,
ойымды осылар босатпай отыр.
—
Василисаның тарихқа кіріп қалғаны сұлулығынан емес, Сережа... Наполеон сияқты
өз заманында алып көрінген қолбасшыға ерлерше қарсы тұра алғандығынан. Қазақ
солдатының бейнесін дәл көрсетейік!.. Өз бейнесін дәл бере алсақ, бізге көркемөнер де
өкпелемес, әйелі де өкпелей алмас, жүз Печорин тобығынан да келе алмас! — деп, Володя
маған тура тиерлік белгілер бере сөйлеп отыр.
«Әйелі де өкпелей алмас» деген сөз тағы да Ақботаны еске түсіреді. Осы араға келгелі,
Ақботаның хаты үш-төрт күн ішінде келіп қалатын болды. Бұрын бір жетіде алушы едім.
Олай болса, арамыз бірталай жақындаған сияқты. Арамыз жақындаған сайын ерлі-
зайыпты жағымыз да беки түскендей болады. Бірақ дәл қай майданда жүргенін біле
алғаным жоқ. Мен қадағалап сұрасам да ол айқын жазбайды. Соған қарағанда аса бір
бүркеп ұстайтын бөлімде жүрген сияқты. Бұл жерде де күн ете ыстық, өрік, мейіз пісіп тұр
дегеніне қарағанда, Ақбота да осы оңтүстік майдандарының бірінде жүр.
—
Міне, міне, қазақ солдатының жүзі енді айқындала бастады,— дейді Володя...
Сыртта күй ойналып қалды. Тез киін, тез шық!..
Кавказда капитан атын алған Мирошник, погондары жарқ-жұрқ етіп, ротаға түгел команда
беріп тұр. Даусы да жарқылдап шыққандай болады. Гүжілдеген ауыр самолеттер жер
тарпып, бізді шақырып тұрғаны айқын. Жұлынып ұшқан шөп пен жапырақ... Әр
самолеттің, арт жағында құйын бар сияқтанады. Қуара бастаған шөптер жерге баурын
төсей жұлқынады.
—
Оң жағынан бір-бірден!..
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 183 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |