Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 171 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 172 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 180

 

Стр. 182

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Деген сияқты ұлы күрсіністің төркіні Лермонтов сарынымен бір жерден шығады.

Жолдастарға осыны айттым.

Бір жағында Лермонтов, екінші бетінде Абай тұрған Кавказдың көп жартастарының бірі

енді бір қасиетті ескерткіштей болып қалды. Жау әскерін кейін қайтарып, шұбыртып

айдай жөнелген жеріміз де осы жаға еді.

Жазғытұрғы арық-тұрақтай шұбыртып, бір ізбен айдап, тұтқындарды жөнелттік. Ағылған

танкы мен машиналардың, алдыңғы жағы белдерден асып кетсе, ұзын құйрығы Кавказ

қияларында көрінеді. Алып таудың әр аңғарында танкы боталап жатқандай, кептігіне

өзіміздің көзіміз сүрінгендей еді. Содан бергі тоғыз ай біздің бір түйдек өткізген кезеңіміз.

Тең-тартқа түсетін кездерді біржола артқа тастап, жауды тықсырып айдаумен келдік.

Әлдеқашан уақыты жеткен толықтандыруға да қолымыз тигені осы-ақ. Басқа бөлімдердің

әлдеқашан тағып алған погондарын да біз осы арада тағындық.

Жас суретшіден біз осының бәрін бір-ақ көрсет Деп талап етеміз. Өз басымыздан түйдек

өткен бір кезең, бір суретке сыйып, тоғыз айды тұтас қамтып тұрса екен дейміз... Сурет

заңынан гөрі біздің «заңымыздан» көбірек ығысқан жас суретші көз жетпес кең даланы

алыпты да, көп нәрсені сыйғызуға тырысыпты. Ұзын-құйрықтанып, танкы мен машина

лектері құлап келеді. Бұрқыраған қар, будақтаған түтін де көрінеді. Жоғарыда қайтадан

қаздай қанаттасып самолеттер өтіп барады. Машина үстіндегі солдаттардың жаңадан

киініп, погондарын тағып алғандары байқалса, тас түбіндегі біздің белім алба-жұлба.

Шинельдердің оқ жырып кеткен жыртықтары да көрініп тұр. Сондықтан Сережаның

суреті көп нәрсені ұсақ-ұсақ қамтып, есте қаларлық еш нәрсені кесек айта алмай қалыпты.

Біздің апаны айтпапсың, мынаны көрсетпепсің дегеніміз осыны әкеліп соқтырған: әрі кеп,

әрі ұсақ — бірін-бірі жауып та кеткен.

Осындай танкы бола ма екен! — дейді Володя.— Танкы емес, тарақан ғой

мыналарың!.. Кавказ солқылдағандай болды-ау деп осыларды айтып па ек?

Суреттің жалпы бір жайылымы болады да, нақтылы тақырыбы болады, Володя...

Нақтылы тақырып өзіміздің жартас қой... Өзгесі сол күннің жалпы жайын баяндайтын

нәрселер... Оларға онша қадалма...— дейді Сережа, мұғалім алдында тұрған баладай

қысылып. Енді даусына да діріл кіре бастапты. Көзі тұрақтай алмай, қыдыра қарайды.

Шынында, осы суретті өзі де ұната алмай отыр, бірақ әзір мойындар емес. Көзқарасы

«осыған әкеліп соқтырған өздерің!» деп тұрса да аузы оған барар емес. Кінәлы болса, өзі

болғысы келіп, салған суретін жақтай береді.

Өзіміздің жартас? Осы ма, сол жартас! — дейді Володя танымай қалғандай,

таңданып.

Біздің жартас осындай ма еді? Мынауың Лермонтов айтқан жартас. Көшіріп

алыпсың да, өзіңнен еш нәрсе қоспапсың!..

Кавказды бәріміз де Лермонтов айтқан сипатта көргенімізді Володя аузына да алғысы

келмей тұр. Өз көргенімізді біз кейінірек ажыратып алғамыз...

Жолдас суретші, өзіңе тән творчестволық бағытыңды көре алмай тұрмын... Сіз ұлы

суретшінің тұтқыны болып қалғансыз. Мұның атын біреуден... кешіріп алу дейді. Бұл

ұзаққа апармайтын тұйық жол. Суретші өмірді өз көзімен көріп, өз бояуымен көрсете

алуы керек,— деп, Володя байырғы сыншыларға еліктегендей, үнін де қоңырлатып,

қолдарын сілтеп сөйлей бастады.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 182 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)