Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 190 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 191 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 192 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 194 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 195 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 196 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 197 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 200

 

Стр. 202

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

қарап тұр. Сау қалған бағаналар заводтың мойнындай сораяды. Қала қирап құлаған сайын,

сау қалған қабырғалар мен бағаналар ұзара түскендей көрінеді. Сынған кірпіш төбе-төбе

болып үйіліп жатыр. Біз осы үйді қорғадық. Үш ай, үш күн бойы ешкімге бермедік.

Әрине, сүйегін бермедік...

Самарқандта болғандарың бар ма? Жоқ па?.. Ақсақ Темір бір жорыққа кеткенде, ең сұлу,

ең сүйікті әйелі Биби ханым жиһангердің оралып қайтуына әдемі бір мешіт салдырған

ғой... Самарқандтың бар мешітінен асырып, сұлу етіп салдырыпты. Сол мешітке осы күні

қарасаңдар, қирап қалғанына жаның ашиды. Заман сұлуды аямапты, әр ғасыр бір сүйкеніп

етіп, ақырында құлатыпты... Ол содан бергі алты ғасырдың ісі! Кез алдымызда күл-

талқаны шыққан қала үш-ақ айдың апаты еді. Үш ғасырға тұратын үш бесжылдықта туған

көркем қала үш айда талқан болды. Біз көркем үй сол Биби ханум мешітін еске түсіретін

мрамордан жасалған бағаналар күле тұрғанмен қалаға тура қарай алмайтындай едің.

Үш айда бір ротадан тоғыз-ақ жауынгер қалдық. Адам кескіні жымиғанда қандай

болатының қуанғанда қандай болатынын ұмытып та кеттік... Біреуге-біреу қалжың

айтқанда адам даусы қалай шығатынын да ұмыттық!.. Бар өмір бар дүниеміз,— аңдып

отырған алақандай алдың ғана.

Немістер бізге қарсы бір батальон автоматшыларын шабуылға шығарғанда, біз жеті-ақ

адам қалып едік. Командир мені жәрдем сұрауға полк штабына жіберді. Арамызда бес-ақ

үй, бес-ақ үй емес, бес-ақ қызыл тебе болап.... Ұшқан кірпіш, құлай берген темірлердің

арасынан..ми полк штабына жеткенше жарты сағат өтті. Жәрдем ала алмадым...

Көрші батальон қысылысқа түсіп қалды. Жәрдем етіңдер! деген әмір алып қайттым...

Мен қайтып келсем, біздің жауынгерлердің басына ақырзаман орнап қалған екен. Ең

соңғы, ең күшті жәрдем өзім екен. Манағы айтқан ескі досым да осы арада кездесті.

А Самед сен күлуді ұмытқанбысың?—деді.

Ол немене! дедім мен аң-таң қалып.

Ол немене?.. Өлімді жеңер досың емес пе!.. Ұста қолымнан, Самед!.. Жауды міне былай

ұрар болар!.. Лақтыр, лақтыр гранатаңды... Автоматыңмен оң жағыңды бір тын қал....

Міне осылай, міне осылай, Самед!.. Қане, қалай шыдар екен көрейік!.. Күл, айғайла,

Самед!—деп, Хожа Насреддин біресе гранатасын лақтырып, біресе автоматпен көсіп-

көсіп алып, алдымды ашып берді.

Хожа Насреддиннің айғайы мен күлкісінен көп қол келіп қалған екен деп фашист

батальоны қашып берді... Сол үшін Хожа Насреддин Ұлы Отан соғысының Бірінші

Дәрежелі орденін алды. Маған да сол берілді. Содан бері Хожа екеуміз һаман қол ұстасып

жүреміз. Менің барлық әңгімелерім де соныкі... «Я, ханнан!» һәм соныкі!..— дең Самед

қуланып күліп қойды.

Жақсы жауынгер екен молла Насреддин...

Енді біздің қатарда тұрып соғыссын!..

Жақсы жауынгердің артығы болмайды,— десіп, бәріміз Самедтің қолын қысып,

мойнынан құшақтап қалдық.

Екі саусағының арасына қысылған бойы жанып таусылған шылымын Самед енді ғана

лақтырып тастады да:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)