Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 189 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 190 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 191 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 192 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 194 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 195 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 196 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 197 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 199

 

Стр. 201

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Таманьды жаудан арылтып болған күні, мен Самедке жақынырақ келіп отырып темекі

ұсындым.

Молла Насреддин «құранға сене бермеңдер — құр қаласың»— деген екен әкеліңіз,— деп,

темекіні орап жатты да:

Гвардия лейтенанты ортақ Сарталиев, бұл Самед неткен чудак білейікші деп ойлайды

ғой... Солай ма?..— деді.

Мен ұсталыңқырап қалып:

Жоқ, жоқ, Самед-ака... Көп әңгімеңіздің бірін айтқызғым келіп еді... Сонша көп

әңгімені қайдан біле бергенсіз?..— дедім.

Сталинградта ескі бір досым кездесіп қалып, содан үйреніп едім,— деді Самед.

Иә, Сталинградта болғаныңызды аңғарып едім.

Иә, болдық қой...— дегенде Самедтің қабағына бұлт айналып тұра қалғандай,

жаңағы жарқын жүзі көмескіленіп, құлази қалып еді.

Сталинград жайын әлі бір айтқан жоқсыз... Кавказ майданында болсақ та біз де

Сталинград үшін алысып едік, Самед... Ертеден бір белімде екенбіз... Айтшы

көргендеріңді,— деп, жолдастардың бәрі де Самедті қоршап алды.

Оны сізге бір солдат айтып бере алмайды...— деп бастады Самед.— Бір солдат

түгіл, бір полк та айтып бере алмас...— Тағы да аз кідіріп, ойланыңқырап қалып, содан

кейін тоқталмастан сөйлеп кетті:

Үш ай һәм үш күн мен бір орыннан қозғалмастан тұрдым... Үш ай, үш күн бойында

көз жетердегі қираған дүниені түгел көрдім... Кейде мына бір бұта қашан жұлынар екен

ана бір сым қашан үзілер екен дегендей, әр күн айналамды бір түгендеп қоятын едім.

Кетіліп құлап, кеміп бара жатқан қаланы көріп тұру оңай да емес, жолдастар... Айтып беру

одан да қиын,— деп Самед тағы тоқтап қалды.

Айт, айт, Самед аға...

Айт!.. Бір батальон генералдарды жинай алсаңыз, солар ғана түгел айтып бере алар.

Мен солдатпын ғой, менің баққаным автоматтың қарауылына қонар нәрселер болды.

Граната лақтырар кезеңді бақтым. Осы халде көргенімнің өзі де бір солдат айтып бітірер

әңгіме емес еді... Үш ай, үш күн ішінде табан аудармаған жерімді ғана айтайын. Өзгесін

мыңдаған қалам ғана айта алар,— деп, Самед шылым түтінін кеудесіне қарай қатты бір

тартып қойды.

Қаз-қатар орнатылған бағаналары бар, тұтас шыныдан құйылған терезелері

қақпадай дерлік, мәңгі тұрарлық көркем бір үйді қорғау бізге жүктелген еді... Мен

пулеметімді алып үйдің төбесіне орналасқан күні, денесіне бір сызық түспеген үй еді. Үш

күннен кейін үйдің бір қабаты құлап, бұл төрт қабат үй болып қалды. Содан кейін үй

ортасынан бір опырылып, екі таудың арасындағы аңғарда қалғандай болдық. Осыдан

бастап, үй кетіліп құлай берді де, бірімізді-біріміз кірпіш астынан суырып алып жүріп,

орын ауыстыра бердік.

Бір жақ бетіміздегі қала үйлері түгел қирап, жалғыз сау тұрған театр үйінің тасасына түсіп

кетті. Күн сайын опырыла түсіп, сағат санап аласара түскен үйдің ең астыңғы қабатына

түскенімізде әлі он-ақ күн еткен екен... Әлі сау тұрған бірер қабырға тіп-тік болып аспанға


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)