Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 196
Стр. 198
Қазақстанның ашық кітапханасы
Петрдің есебін қалжыңға араластырсаң, ол оның бір жанды жері. Володя оны ойын-
қалжыңдарға еріксіз тартқысы келіп:
Немене, Петя, есеп-қисабың былғанып қалған ба! — деп еді, Петр оған:
Жоқ, жолдас... Мен есебімді таза ұстайтын адаммын. Есебім былғанған да жоқ,
былғанбайды да!—деп дәптерден гөрі әріректі аңғартатын жауап қайырды.
Менің ойымша, Петр соғыстан өте бір қатал мінез алып айтатын сияқты. Бос қалжың,
еңбексіз, есепсіз уақыт өткізу Петрде болмасқа керек. Біздің ішіміздегі шын соғыс адамы
да осы Петр. Бұл өзгеге қандай қатал тілек қойса, өзіне де соны қоятын адам. Оның хат
алысып тұратын әйел нәсілі де жоқ, әйел әңгімесіне араласпайды да...
—
Соғыстан кейін қандай жұмыста болсаң да, сенің бригадаңда тәртіп те болып бағар!
— дейді оған Сережа.
—
Сенің бригадаңда ше? Болмай ма? Жоқ, айналайын, соғыста қандай еңбектеніп
жүрсең, бейбіт шақта да солай қимылдайтын боласың! Сен немене, келер соғысқа дейін
демалысқа шықпақшы ма едің?
Біздің бөлімде Петрмен өзара ыңғайлас жүретін осы Сережа. Бірі толып жатқан кек пен
қайрат, бірі қыздай биязы, әлде қай мінездерімен біріне-бірі ұнаған да, реті келсе, тізе
айырмай жүреді. Сондықтан Петрдің Сережаға қайтарған жауабында шанышқы да
болмайды. Қайта, өзгеге сирек айтар қалжыңын Петр ылғи Сережа үшін сақтайтын
сияқты.
Петр жаңағы жауабының өзі Сережаға тігірек тиіп кетті ме дегендей:
—
Костя, мынаған шешеңнен келген хатты тағы бір оқып берші... Кәрі кемпір үш
еркектің жұмысын істеп жүргенін көкейіне құйып алсын...— деді жылы жүзбен.
Әшейінде тұйықтау болғанмен әңгіме еңбек жағына ауса, Петр қазбалап сөйлеп кетеді.
Күні ертең трактор бригадасын бастап егіске шығатындай төндіреді.
—
Көрсетер едім сендерге!..— деп құшырланғанда, қара жерді жосылта тіліп бара
жатқан трактор көз алдына келетін сияқтанады.
—
Бұ Геленджик деген нәма?.. Онда да су бар ма екен? —деп, Самед Володяға
қадалып тұр. Әуелі әдейі өз тілінде сұрайды да, артынан орысша айтады.
—
Суы бұдан гөрі тереңірек, жағасы бес есе биігірек болады,— дейді Володя.
—
Батпағы жоқ па, әйтеуір?
—
Жоқ, батпағы жоқ. Мұрты бар жігіттерге қауіп емес..
Таманьның жайдақы жағасынан бізді Геленджек деген бір жерге көшірер білем деген
хабар тарағалы екі күн болып қалды. Геленджек кейін қалған бір қойнау, жау көзінен
тасарақ жерге барып әзірленетін болсақ, оның арты бірдемеге соқпай қалмас дегенді әр
солдат та ойлайды. Тамань жағасындай тайыз да, тайпақ та емес, бір жер көз алдыңа
келеді. Солдат еш нәрсені күн бұрын тәптештемейтін әдетімен бұл жайды көп сөз
қылмасақ та, іштей бір биік жағаға, тереңірек теңізге кездесуге әзір де едік...
Терең теңіз бен жат жағадан мен де қорықпаймын. Бірақ осы батпақты қия алмайтын да
бір себебім бар. Осында келгелі Ақботаның хаты келер күні-ақ келіп қалатын болып тұр.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 196 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |