Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 195 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 196 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 197 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 205

 

Стр. 207

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Берлиннен асып кетуге де шыдар... Бірақ тезірек басарсың аяғыңды...— деп, Самед

әлденені аңғартқысы келеді.

Қайда барар екеміз, қайда аттанар екеміз?—деп ешкім сұрамайды.

Ал, батырлар, көптен іштерің пысып жүр еді, жүріңдер,— деді капитан Ревякин,

бізге келіп.

Біз келсек батальон түгел сапқа тұрып қалған екен. Сап-сап соққан толқындары

төңкеріліп, Қара теңіз аса бір кәрлі қабақ сездіреді. Кернеген кек, түйілген қабақ болса,

тас жағасын тулай тепкілеп жатқан теңіз түсі соған леп қосқандай.

Ревякин жоғарғы бас командованиенің бізге арнап берген бұйрығын оқып тұр. Жаудың

табандап бекінген Керчь қаласының желкесінен бүгінгі түні десант түсірілсін делінген.

Қолбасшының артынан ерген әскеріндей болып, қолының арт жағынан біз де қолымызды

қойдық.

Біздің дивизияға арнаулы әмір берілуі де, ол әмірге әр солдаттың қолы қойылуы да

әдеттен тыс бір айқастың, жайын айтып тұрғандай еді.

Майданға ең алғаш аттанар күндегідей күңіреніп ант етіп, түнгі Қара теңіздей түнеріп, сол

жерден теңізге қарай жүріп кеттік...

Қара теңіз бұрқ-сарқ етіп қайнап жатқандай... Ай сәулесінде ақ жалданып төңкерілген

жота-жота толқындардың қырқасында катер қайықтар шортандай ғана көрінеді. Езуі

көпіріп, долданып алған Қара теңіз, бізді жауға аттандырардан бұрын өзі бір сынап

алғысы келгендей, тас жағасына тік шапшып, асаудай тулап жатыр. Қайықтарды

сүмеңдетіп айдап жағаға әкеліп тоса береді де, аяқ сала бергеніңде жұлып үйіріп әрі алып

кетеді. Жүздеген катер қайықтар үйір-үйір шортандай жүйткіп жақындап келеді де,

қарауытқан биік жағадан үріккендей жөңкіліп кейін қайтады.

Теңіздің өкпек суық дем алысын бақайшағыңа дейін сезініп, бар денең түршігіп қояды.

Қазір-ақ үсті-басымыз малмандай болып, жаураған қойдай бүрсиеміз-ау деген ой барлық

қозғалыс қимылыңды тұсай бастапты.

Әзірлен!— деп, қасымыздан айғай салған капитан Мирошниктің даусы арғы бір

белдің астынан шыққандай, құмығып естіледі. Қатты жел айғайды ұйпалақтай қуып,

ұйтқытып айдап, жоғары әкетіп бара жатқанын көзіңмен көріп тұрғандай боласың...

«Әзірлен!» деген айғай шыға бастағалы едәуір болып қалды. Солдат манадан әзір тұрса

да, теңіздің бір қатты толқындап кеткен шағына кездесіп қап, аттана алмай жатырмыз.

Әлдеқайда үдере кешкен жүндес бұлттардың шудасына оралып қалатындай ай да сүрініп-

қабынып әрең жылжып барады...

Мана, кешке жақын Шегенге хат жазып отыр едім, жүзінде аздаған қобалжу бар капитан

Ревякин келді. Алдымызда тұрған аттаныс жайлы келген екен. Бұл сапарымыздың қауіпті

жақтарын бұрын талай айтса да, әлденені ұмытып кеткендей, тағы келіпті.

Темекің бар ма?..— деп менен сұрады да, Ревякин өз қалтасынан темекісін суырып

алды... Мұндай мінезі біреуіміздің қарабасымызға арнаулы сөзі боп келгенде байқалатын

еді. Мен соны күттім. Ол сөзін кейін айтатынын аңғартқысы келгендей, Ревякин темекісін

қасына алып қойып, бұрын талай айтқан сөздерінен бастады:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)