Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 206
Стр. 208
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Жаудың желкесінен түскелі бара жатырсыңдар... Сендер қадалар найзаның
ұшысыңдар, сабағы теңіздің осы жағасында болар...— деп, Ревякин, біраз кідіріп барып,
айтатын сөзі барлығын аңдатып, темекісін орай бастады.
—
Біз сол найзаның ұшы болғанмен сабағымыздан үзіліп түспеспіз деймін,— дедім
мең әңгіменің аяғына тезірек шыққым келіп.
«Солай деп ойлайсың ба?» деген көзбен Ревякин маған бір қарап қалып:
—
Азды-көпті бір уақыттың ішінде байланыс үзіліп қалуы да мүмкін...— деді.
Ревякиннің ендігі көз қарасында «сондай күйге ұзақ шыдай алармысыңдар?»—деген сұрау
тұр еді. Мен сонысына жауап бергім келіп:
—
Ол ескерген нәрсеміз деп несін айтайын, жолдас капитан... Сынға түсер жалғыз
ғана шыдам болса, бұрынды-соңды берілген өнегелер бар ғой... Көреміз де! —дедім.
Әлденеге Ревякинмен әдеттегі әскер тілінен басқашарақ бір сарында сөйлескім келіп кетті.
Бірақ бұл аттаныс алды еді, капитан ол сарынға баса алмады.
Жауды Қырым өлкесінен біржола айдап шығу үшін, әуелі Керчь жағасына тұяқ іліктіру
керек. Біз соған аттанғалы жатырмыз. Артқы жақпен байланыс үзілсе ондай күйге шыдай
білу үшін жалғыз ғана «жан құрбан» деген жетпейді... Ревякин осыны айтқалы келген
сияқты. Қазбалап қадағаласпасақ та, ең соңғы аңғарысқанымыз да осы болып еді...
Біздің бөлімнің мұндай жайларды айтқызбай ұғатынына риза болып, Ревякин:
—
Ал, қырандар, оң сапар тілеймін. Әмір — аман керісу болсын! Енді азырақ үй
іштерін еске алайық...— деп, сумкесінен бізге келген хаттарды алып бере бастады.
Тұмарша бүктелген үшбұрыш хаттар ұзақ сапар шегіп келіп, ең жақын адамдарының бір
ауыз болса да жан сырын әкеледі. Амандық-саулық тілеумен бірге қажыр-қайрат қосады.
Соғыс тұсында қуаныш-күлкісі тасып-төгіліп жатпағанмен елден келген хаттар уайым-
қайғы әкелген емес.
Ревякиннің көзі мені де бір жанап еткеннен маған да хат барын түсіндім. Ақботаның хаты
екенін де білдім. Өйткені, менің «үйлі-баранды» жайымды Ревякин де біледі. Ақботаның
қолын да таниды. «Мынау шешеңнен мынау әйеліңнен» деп қалжыңдайтыны да бар.
Ревякин бұл жолы да сонысын істеді:
—
Әйеліңіздің хаты осында қуып жетіпті... Шешеңнің хаты Қырым асып барып
жететін болар,— деді.
—
Қарағандыда сенің кімің бар еді?..— деп бір хатты Васяға беріп жатыр...
—
Жауаптарыңды бүгін қайтарыңдар. Қазір жазсаңдар тіпті жақсы...— деп, Ревякин
кетіп қалды. «Қазір жазсаңдар тіпті жақсы» дегені аттанар уақытымыздың жақын екенін
аңғартқаны еді...
Ақботаның хатын ашып қалғанда, аз-ақ жүгіре жөнелмедім...
Хат сол күні жазылып, сол күні менің қолыма тиіпті!.. Олай болса, Ақбота осы маңайда
жақын жүргені ғой?.. Айғай салсаң еститін жерде болғаны да!.. Әлденеге біз бүгін
аттанбаспыз, ертеңге дейін Ақботаны тауып та алармын... Кездескен деген осы болар.
Осынша жақындасып келіп кездеспейтін, біз романдағы емес, өмірдегі адамдармыз ғой
деген ой келеді.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |