Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 210

 

Стр. 212

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

өнбей келеді. Оқ бірімізді тырнап кетіп, біріміздің бетімізді қарып кетеді, ыстық емес,

суық қариды.

Немістердің өздері көтерген оқ бораны өз көздеріне де шымылдық құрып тастаса керек,

оқ бораны төпеп тұрғанмен дәлдік жоқ сияқты. Қатар-қатар, жіп-жиі тұрып қалған

меруерттей аппақ су бағаналары қалың қырау басқан қалың, кәрі тоғайға да ұқсап кетеді.

Лек-легімен көтерілген самолеттер біздің арт жағымызға үймелеп жүр. Снаряд оқтары да

ортаға қарай ауып барады. Бір кезде жарықтан да құтылып, қою қараңғылыққа кіріп

кеттік. Оқ қоршаудан да етіп кетіппіз. Бірақ айнала қарансақ, жақын маңайда бізден басқа

бір қайық жоқ...

Біз озып, бөлініп кетіппіз... Сапар оңға айналар...— деді Мирошник.

Алдымызда қарауытып теңіз жағасы сезіледі. Артымыз аспанды жарғылап, тілгілеп

жатқан найзағай...

Жараланған ешкім жоқ па? — деді Мирошник.

Жоқ сияқты...

Аздан кейін ұялғандай қысылып сөйлеп:

Мені аздап жанап өткен сияқты...— деді Сережа.

Сережаның оң қолы жараланыпты. Оң қолының шынтағынан тиген оқ тесіп етіпті. Ол

қазір солдат болса да, күні ертең көркемөнер адамы, суретші еді. Сондықтан оң қолының

жаралануы бәрімізге де қатты батты. Сол оң қолы үшін Сережаның екі аяғын бірдей

садақа қылуға да әзір едік.

Аздап қана...— дейді Сережа.— Ештеңе ететін емес, асып алам ғой мойныма...

Жоқ, осы қайықпен кейін қайтасың,— деді оған Мирошник.

Қайық жағаға жақындай беріп, әдеті бойынша бұрыла бергенде Мирошник:

Секіріңдер!—деп әмір етті.

Сережамен қоштаса да алған жоқпыз. Аман қайтып жете алар ма, жоқ па... Қандай күйге

түссең де, жолдастарыңмен бірге болуға не жетсін! Жалғыз Петр ғана, Сережаның

автоматын алып жатып, су болған мұртын Сережаның алқымына апара жатқанын аңдап

қалдым. Өзгеміз ең әрі кеткенде, арқасына қолымызды бір апаруға ғана үлгірдік. Сонымен

төрт жылға жақын ойын-күлкі, қайғы-қуанышымыз ортақтасып кеткен бір

жолдасымызбен іштей ғана қоштасып, айрылысуға тура келді... Қош, Сережа, қош бол,

бауырым!..

Өзі шылқылдап отырған солдат бұл жолы қымсынған да жоқ... Жиырма жігіт жапырлап

қарғып түсе қалып едік, терең судың түбіне барып былқ ете түстік... Төбеңнен

қорғасындай басқан терең су қозғалтар емес. Володя Толстов екеуміз қатар секіріп едік,

теңіздің түбіне де бірге түсіппіз. Ол мені көтеріп жібергісі келеді, мен оны көтеріп

жібергім келеді. Қолдарымыз қарманады, қайрат қылар дәрмен жоқ. Ұйықтап жатып

бастырлыққандай, дәрменсіз бір ділгір халде қалыппыз... Есте қалған нәрсе, егер менен

жолдастық деген не екен деп сұраушы болса — ол, өзі он екі метр тереңнің зілдей басқан

ауырдың астында жатып, мені құтқарғысы келген Володя Толстовтың мінезі дер едім.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)