Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 214

 

Стр. 216

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қара теңіздің жағасы түгел атысқа кірісті...

Тек оқты!.. Пулемет!.. Миномет!..— деп, аласұрып жатқан неміс офицерлерінің

айғайын естігендейсің. Алақандай жерден басталып, енді күркіреген күндей жайылып

бара жатқан атыс шеңбері осыны аңғартады. Әлдеқайдан, абайсызда кіріп кеткен жау

қолы жалпағынан шабуылға кешіп, тықсырып бара жатқандай, неміс әскері алай-түлей,

әбігер болып қалды.

Осы қарбаласта «Эльтигеннен» өтіп кеттік. Алдымызда өркештеніп, қарауытып биік

қорған көрінеді. Енді біз айқас шенінен өтіп, саябырға шығып қалыппыз. Қаңғырып

жоғары зулаған оқ болмаса, бұл маңайда атып жатқан бір пулемет жоқ, түнеріп, тұнжырап

қорған ғана тұр.

Қорғанның төбесіне үнсіз ғана шықтық. Сала-сала болып, тармақтанып жатқан

траншеялар, үңірейген окоптар бос жатыр. Кенеттен автомат шандылдап қалды.

Жат!— деген Мирошник даусына араласа екі граната борс-борс жарылды.

Самедтың «иә, ханнанына» Васяның «қолыңды көтер!» дегені араласа шықты.

Хендехох!..

Енді апанынан ата жөнелген қасқырға ұқсап, әр окоптан сұр киінген неміс солдаты тұра

салып қашып барады. Биік төбенің жай төбе емес екендігі де айқындала бастады. Бір топ

қорғаушысы бар, ұзақ атыстың бекінісі екен.

Тас пен темірден берік жасалған бекіністе ешкім жоқ. Манағы қарбалас басталған кезде

офицерлер айқасты бас«қаруға кетіп, содан әлі оралмаса керек. Қазір олар жағадағы

атыста жүрген болар. Бекіністі қорғауға қалған он шақты солдат автоматтарын бізге

қалдырып, бұдан былай «хабарсыз кеткендердің» тізіміне қосылатын болды: бізде тұтқын

бағып отыратын жай да жоқ еді...

Сарталиев, Толстов, бекіністі түгел тексеріп шығыңдар. Шаруашылығымыздың

жайы қандай екен біліп отырайық...— деді Мирошник. Өзі бекіністің ішін тексеруге

кірісті.

Бұл бір ерекше ыңғайлы жасалған бекініс екен. Биік қорғанның нақ төбесіндегі үлкен

бөлме тарам-тарам қазылған ұңғы-жолдар арқылы екі бүйірдегі пулемет ұяларымен

қатынаса алады. Төбені айналдыра жасалған автомашиналарға арналған ұялар да солай

төбеден етекке дейін, бірінен-бірін темен етіп, қос етектеп қазылған үш қатар окоп бар.

Бәрі де траншеялармен қатынасатын етіп жасалған. Етектен төбеге қарай үш сала болып

өрмелеген жыра-траншеялар жатыр. Айнала ататын зеңбірек орны да әзір тұр. Тек

зеңбірегі орнатылмапты. Қайда да айқыш-ұйқыш салынған темір, құйылған тас, тебенің

астымен қатынасатын жолдар... Қорғанның сыртын тексеріп шығу үшін, бір бүйірінен

екінші бүйіріне баруға мен үш рет капитан отырған орталық бекініске соғып еттім.

Барлық жолдар осында әкеледі екен. Мен осы жайларды баяндап тұрғанда, Василий

Гришин осы бекіністің планын тауып алып, Мирошниктің алдына жайды:

Планы мынау болу керек... Тебенің биіктігі де көрсетілген...

Бұдан әрі, мен кергендерімді ауызша айтып тұрдым да, Мирошник қағаз бетіне қарап

тексеріп отырды.

Бізге болысқан қай құдай десем екен?— дейді Мирошник.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)