Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 213

 

Стр. 215

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Севастопольға дейін! Одессаға дейін! Берлинге дейін!

«Отан үшін!» деген ұранды Мирошник алды да, сол ұран бәрімізге берілген команданың

орнына жүретін болды. Ол айғай шықпай, ешкім үн шығармасқа керек.

Қазақ батальоны, алға!..

Өзбек батальоны, алға!..

Украина батальоны, алға! — деген қосымшаларымыз және бар.

Бұл «батальондарымызда» бір-ақ адам барлығы ешқайсымызға күлкі де көрінер емес. Оны

өзіміз білеміз, немістер үшін батальон болып көрінбесіне кім кепіл?..

Үнсіз қозғаламыз... Қашан жауға кездесіп қалғанша сақ қозғалыңдар! —деді

Мирошник.

Мен өз тобымды алып оң жақ қанатқа шықтым. Он жігіттің арасы он метрден жүз метр.

Мирошник тобымен арамызда елу метрдей ашық аралығымыз тағы бар. Жау оқтары осы

ашық аралыққа үймелер деген жорамалымыз болып, әдейі қалдырдық.

Ақырын жылжып біз де қабаққа шықтық, араның ұясы да гуілдеп қоя берді. Арандай оқ,

арсылдаған пулемет, байлаулы төбеттей өршеленіп, теңіз жағасы азан-қазан болды. Айқас

басталып қалды.

Мирошник «Отан үшін!» дей бергенде, мен де анадан туғалы шыққан ең ұзақ айғайға

бастым:

Қазақ батальоны, алға-а-а!..

"Батальон» командирлерінің бәрі де дүние жүзіндегі кәрлі дауыс пен ең кәрлі айғайларға

басып келеді.

Украин батальоны!..

Өзбек батальоны!..

Сталинград батальоны!..

Жиырма жігіттің үні қосыла өріліп, жер жара шықты. Оған автоматтарымыз бен қол

пулеметтеріміз үн қосқанда, жау түгіл, өзіміз де қайдан көбейіп кеткенбіз деп

қалғандаймыз. Үніміз бір полктай шығады, батылдырымыз — артымызда самсаған сары

қол бардай көрінеді...

Қараңғыда кездесіп қалған жау окоптарына бірер ғана граната лақтырып, қолма-қолға

жоламай, ілгері қарай кете бердік. Неміс әскері оқ боранын біздің айғайдың ең алғаш

шыққан жеріне, арт жағымызға төгіп жатыр. Оқты алдымыз бен оң-солымызға кезек төгіп,

біз нысанаға алған қорғанға қарай тартып келеміз. Біздің айғайымызды қуалай атып

жатқандар да бар...

Бірақ бізді өлімнен құтқарған немістердің өздері болды. Алғашқы қым-қуытта қанша жау

барың қай жақта екенін анықтай алмай қалып, неміс әскері автомат дыбысының молырақ

шыққан жағына оқ төгіп, бізді емес, өздерін атқылап кетті. Оң жағымыз бен сол

жағымыздағы неміс әскерлері өзара атысып қалды. Ол сыр байқалған соң-ақ, жау қолына

кездесіп қалғанда болмаса, оқ тізгінін біз де тарта қойдық.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)