Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 223
Стр. 225
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Тұтқынға түсуге кеңес етеді, ит!—деді.— Бәрібір тұтқынсыңдар, соны
түсінгендерің дұрыс қой дейді...
—
Берлин деп немене айтып тұр?
—
Берлинге самолетпен апарамыз... Құрметті қонақ боласыңдар дейді...
—
Берлинге өзіміз де келеміз... Көп күттірмеспіз деп айтады де!
Вася капитанның соңғы айтқанын ерекше бір өр кеуделікпен аударды. Сірә, өзінен де
бірдемелер қосты білем, шұбалтыңқырап кетті. Енді фашист офицерінің жүзі өзгеріп
барады. Жымиюдың орнына өкініш белгілері біліне бастапты... Біз оның сый-құрметін
аяққа басып тұрған сияқтанамыз...
-— Біз сіздерге бұл дүниедегі ең қымбатты ұсынамыз!..— дейді «елші»,— ол адамның
өмірі ғой! Өмірі!.. Өмірлеріңіз аман қалады. Сіздерге ол қымбат емес пе? Қымбат!..
Елшілік енді әзілге айналып бара жатқандай, Вася «елшінің» кейбір сезін қалжақ
араластыра аударып тұр.
—
Өмір қымбат болғандықтан да біз тұтқынға түсе алмаймыз,— деді капитан—
ұзамай біз Германияға өзіміз келеміз... Өмірдің қандай қымбат екенін сонда бізден
түсінетін боласыңдар!.. Сталинградта болмағансыз ғой, сірә...
«Елшінің» өңі қуаң тартып, даусына кіре қалған кекті дірілге әрең ие болып тұр.
Білегіндегі сағатын көзіне жақындатып, әлде құдіретін аңғартқысы келіп:
—
Әлі де бір сағат уақыт беріледі. Бір сағат ойланыңыздар!— деді.
—
Біз мұнда бір сағатқа келгеніміз жоқ!— деп, капитан Мирошник ызаланып,
кеудесін окоптан тым жоғары көтеріп алды.— Бұл жердің иесі біз боламыз! Төбесіне
туымыз тігілген биік қорған мәңгі-бақи босатылды сендерден. Ұзамай совет жері түгел
босайды! Басқа сөз жоқ бізде!— деп айғайлап та жіберді.
Жау офицері темір апанына түсе беріп, әлдеқайда қолын бір сілтеп қалғанын бәріміз де
аңдап қалдық. Аңдамаған жалғыз капитан Мирошник сияқтанады. Танкінің қақпағы да
жабылды, бірнеше автоматтан қатар төгілген оқ капитан Мирошник тұрған жерге
бұршақтай үймелеп, борап кетті.
Капитан теңселіп барып құлап түсті...
—
От!..— дедім жауынгерлерге.
Петр танкіге гранатасын ұрып жіберді. Толстовтың оғы танкінің жабылып кеткен
қақпағына қадалып жатыр. Карсы алдымыздағы окоптармен еріксіз атысқа кірісіп кеттік...
—
Танкіні құртыңдар!..— дедім, ешкімге туралап айтылмаған әмір беріп. Ендігі әмір
ететін адам мен болып қалғанымды да түсіндім. Мұным бір қуаныш та емес, құмарлық та
емес, еріксіз алуға тура келген жауаптылық еді.
Менің соңғы әміріммен жауынгерлердің бәрі де танкіге қарай ұмтылды. Траншеялармен
еңкейе жүгіріп, темен қарай кетіп барады.
—
Отставить!.. Бәріңе не бар?—дедім, әмір шеңберінен шығыңқырап кетіп.
—
Мен! Мен барайын!— деді Петр.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |