Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 219 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 220 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 221 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 222

 

Стр. 224

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

«Жолбарыс!»— деді Володя.— Атақтылары!..

Жолбарыс емес, біздің отыз төрттің көшірмесі, ұрлап алған. Көрдік қой кездесіп,

түк те жолбарыс емес!— деп, Петр ызалы жауап қайырды оған.

Фашист қауымының «ақ ниет» дегені не болып шығатынын біздің естігеніміз болмаса,

көріп тұрғанымыз осы еді.

Елшілікке келе жатыр ғой... Амал қайсы, қабылдаймыз да...— деді Мирошник.—

Гришин, әзірлен!

Вася жағасын түзеп, сұр көйлектің арт жағын басып қойып, белбеуін сірестіре тартып

қойды. Аман қалған жалғыз бас киім Володянікі екен соны киіп алып, айнаға қарап, иегін

сипайды. Жирен сақалы тебендеп қалыпты.

Кеше қырынып алмаған екенсің... Елшілікке жүретін адамдардың сорты қандай

болатынын әлі біле алмай жүрмісің!..— деп, Володя қалжыңдап тұр.

«Жолбарыс» жақындап қалғанда, капитан Мирошник қасына Васяны алып, бекіністен бес

метр төменірек салынған окопқа түсті. Өзгеміз әрнеден сақтанып, қару-құралдарымызды

әзірлеп, тасада қалдық. Танкі етекке тіреле көлденеңдеп тоқтады.

Гранаталарды әзірле!— дедім мен.

Мен осы «елшінің» өзін қарауылға қондырып ұстаймын,— деді Володя.

Танкінің темір қақпағы ашылып, қара шұбар жыланның басындай жарқырай шұбартып

фашист офицерінің басы көрінді. Мен әуелі Ростовта өзімді атып қалатын офицердің басы

екен деп қалып ем. Жоқ, ол емес, бұл басқа жылан екен. Жылан кәдуілгідей жымиып, бізді

құрметпен құттықтағысы келген ишараттар көрсетеді.

Аласа бойлы, бұғағы салбыраған семіз офицер Керчьте көптен бері жаны тыныш отырған

адам сияқты. Денесі қозғалып қалса-ақ болғаны, о жер, бұ жерінен бұлтиып, білеуленіп

біліне қалған семіздік, көптен бері тегін бір шүйгінде жүргенін көрсетеді. Май басқан

денесі босаң, қимыл-қозғалыстары жұмсақ қана...

Үш жыл бойы қазына қаймағының басында тұрған қатындай екен! — деді Петр,

күтпеген жерден дәл теңеп.

Неміс командованиесімен сөйлеске шақырады,— деді «елшінің» сөзін капитанымызға

жеткізіп.

Өзінің не айтқанын біз де түгел естісін деген ашық үнмен капитан Сережаға:

Жолдас сержант, біздің үкімет фашист Германиямен бітім жайын сөйлесуді бізге

тапсырған жоқ деңіз...— деді.

Мирошниктің сөзі ұнап-ақ кеткендей, неміс офицері алақан шапалақтағандай ишарат

жасап,— орыс офицері, ерлігіңе болайын!— дегендей бірдеме айтып жатыр. Әлденені

ұзақ сөйлеп, дәмдеп жеткізгісі келетіні байқалады:

Достарым-ау, дәм айдап келе қалған екенсіңдер, құшағымыз ашық... Терге

шығыңдар!..— деп тұрған сияқты...

Вася оның айтқанының бәрін үш ауыз сезбен қысқа ғана аударып:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 224 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)