Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 236
Стр. 238
Қазақстанның ашық кітапханасы
ешкім жоқ. Жарық қылып жіберсем, жолдастарым бірінен соң бірі тұрып, маған қарай
келе жатыр. Бекініс бұрыш-бұрышынан шатынап жарылып кетіпті.
—
Шығыңдар тез!
Ортадағы сенімді бекіністі тастап, әр жердегі пулемет ұяларына, жабық траншеяларға
көшуге тура келді. Бекініс «шешініп» болып, енді талқандауы ғана қалған. Пулемет,
гранаталарымызды алып, ең төменгі ұңғыларға қарай кеттік.
Бізден кейінірек келіп төменге түскен Петр:
—
Бекініс қирады... әдемілеп көтеріп алып, аударып тастады,— деді.
Бекіністі қиратып болған соң зеңбіректер де тоқтады. Енді біздің жайды білгілері
келгендей, бір рота солдат қорғанды айнала қоршап алып, жақындап келеді. Шабуыл емес,
әшейін ғана ұстап алғылары келгендей, қаз-қатар қозғалып, атпастан келе жатыр.
—
Пулемет!.. От!..
—
Зеңбірек топанның тұсында бірталай оғымыз жанымызға қалды ғой... Енді біраз
атысуға болады,— дейді шаруақор Петр.
Біз төбеде, жау етекте, біз тасада, жау ашықта... Біз оларды көздеп атамыз, олар бізді
көрмей атады. Бұлай кездесіп қалғанда, талай кегіңді алып та қаласың. Зеңбірек
төмпешінің тұсында еңсесі түсіп кеткен жауынгерлер бір жасап қалды. Әлі түк шығыны
жоқ, әлі көп екен деп ойлату үшін, төрт пулемет, үш автоматтан бірдей аңыраттық, жер
беті шұбартып, кек бірталай алынып қалды.
Жаудың жаяу әскері тез шегініп, окоптарына барып бұқты. Біздің, өлі-тірі екенімізді
байқау үшін ғана бой көрсеткен жаяу әскер бізбен атысқан да жоқ, төбені алуға ұмтылған
да жоқ.
Енді «Фердинанд» зеңбіректері мен «Жолбарыс» танкілері бұрынғысынан гөрі де
жақындап келіп, қатарласып жатыр. Біздің қай тұста отырғанымызды анықтап алған соң,
енді төбенің сол жағын қопармақ. Онда біз оң жақ бүйірге кетеміз де.
Біздің қазіргі паналап отырғанымыз екі пулемет қоятын орны бар, шығыс беттегі ұя еді.
Бұл орталық бекіністей берік емес, бес-алты түйгіштегеннен қалар жайы жоқ. Әйтеуір,
жабық баспана.
—
Жолдас командир, «Фердинандтың» адамдары қарауылға қонып тұр. Снайпер
мылтығын бері әперіп жіберсінші,— деді Петр, қолын артына қарай созып, көзін
саңлаудан алмай отырған бойы. Мен қолына мылтықты ұстаттым. Петрдің сырт жағынан
бақылап тұрған Самед:
—
Оң жағындағысы командир, сол жағындағысы оқтаушы...— деді.
Петр алғаш атып қалғанда, Самед «құлады!» деді де, екінші атқанда:
—
Тиген жоқ,— деді.
Петр екінші оғының тимей кеткеніне намыстанғандай, мұрты дірілдеңкіреп, ұзағырақ
көздеп қалды. Бірақ үшінші рет ата алған жоқ. Мылтығы оң жақ қолтығының астынан
сусып, жерге түсті. Самед «Петя!» деп қалды, шалқасынан құлай берген Петрді құшақтай
алып. Петяның бұралған сымдай ширатылған денесі босап, басы сылқ түсіп кетті.
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 238 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |