Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 229
Стр. 231
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Хожа Насреддин жалғыз тауығын қонағына асып беріп, жұмыртқаны өзі басып
шығарған...— деді Самед.— Мен де шыдап көрермін...
—
Жақсы...
Бізді екі сағат апар-топар төмпештесе де, бекінісімізге бір дақ түскен жоқ. Зорин әлсін-
әлсін ракета атқызып, айналаны бақылап тұр. Төрт жағымнан да тыныштық хабары келе
бастады:
—
Тоқталды...
—
Басылып келеді... тынды...
Бірақ біздің халдегі тыныштық қас қаққанның арасындағыдай ғана еді.
—
Жаяу әскер шабуылға қайта тұрды...
—
Теңіз жақ беттен жақындап қалды...
—
Жүгірді...— деген хабарлар біріне-бірі ілесе келіп жатыр.
Іргемізден ғана екі рет граната жарылғаны естілді.
—
Самед қой...— деп айтқанша болмай, Самед төменге келді.
—
Хожа Насреддин балапан басып шығарған!.. Готово деген!— деді Самед.—
Қараңғы болған соң, мені көрмес деп ойлады білем... Бір адам шықты, қозғалмадым. Екі
адам шықты, қозғалмадым... Үшінші шыққанда — иә, Хожа Насреддин дедім!..
Оның аржағы айтпаса да түсінікті еді...
Жан-жаққа атқан ракеталарымыз танкінің қасында серейіп жатқан үш өлікті де көрсетеді,
қабындап келе жатқан шабуылды да көрсетеді. Жүздеген көлеңке бір ұзарып, бір
қысқарып қалып, шұбартып бері жақындап келеді... Төбеге өрмелеп шығып, желкемізден
басқылары келеді.
Аюдай күркіреп, Петр жалғыз қимылдап жүр... Пулеметтеріміз қызып барады.
—
Батыс жақтан...
—
Шығыс жақтан...
Енді көріп отырмын деуге болмай қалыпты...
—
Қозғалма орныңнан!— дейтін белеске шығыппыз.
—
Оқ таусылып барады...
—
Қазір жеткіздірем. Қозғалма орныңнан!
—
Қарсы алдымнан жүзден артығы келе жатыр,— дейді Володя телефон арқылы.
—
Оғың жеткілікті ме?
—
Әзір бар...
—
Қозғалма!..
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 231 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |