Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 233
Стр. 235
Қазақстанның ашық кітапханасы
«Жолдас Совет Одағының маршалы, бұл туды шанышқан ерекше бөлімнің жауынгері
Совет Одағының Батыры Петр Ушаков!» деймін.
—
Е, ойың әлдеқайда екен Костя!..— деп Петр ысқырып қалды.
Мұнымыз қалжың көрінуі де мүмкін. Бірақ, жауынгердің әр түрлі арманы осындай
қалжыңдар арқылы да байқалып қалады. Осындай қалжыңдардың қайрақ болып, ұлы
арманға жетелейтіні де болады... Біреу әлі түк ендірген жоқсың, деп ызаңды келтіру
арқылы қамшылайды, енді біреу қолыңнан келеді деп, сенім беру арқылы қамшылайды.
Мен сол сенім беру жағында жүретін адаммын. Петрға да со мінезді көрсеттім.
Күзетті ауыстырып келген Володя:
—
Қуаныштарың бар ғой бір!.. Әлде Егор қайтып келді ме? — деді.
—
Біз Берлинді алып жібердік! Төбесіне туымызды шаныштық!.. Фашизм жерленді
біржола!—деп, Петр көтеріле сөйлеп жауап берді. Қазір ол ауыр хәлімізді ұмытып
кеткендей еді.
—
Фашизм жерленді деймісің? — деді Володя қалжыңсыз жауап бергісі келіп,—
неміс фашизмі жерленер. Ол даусыз. Бірақ фашизм деген сөздің мағынасы буып
байланған салы, я болмаса, «қара бура» екен. Капитал дүниесі жерленіп болғанша ол
салыны талай байлап, буар әлі. Өте асығып кетпеңдер...
—
Олай болса, Берлин алынғаннан кейін де автоматың мойныңда болсын деймісің?
—
Біразымыз автоматты тастамаспыз да... Әзір ұстармыз...
—
Мен үйге қайтқан түні егінге шығып кеткім келіп отырса, жоқты айтып көңілімді
бұзғанын көрдің бе...— деп, Петр ренжіп қалды.
—
Әзір соғыса тұрайық,— деді Володя.— Бұ да сол еңбек. Отанымыз қандай еңбекке
шақырса да біз әзірміз ғой. Соғыс дегенді кәсіп етейін дер мен де жоқпын. Еңбек
күндеріңді осыдан жина деп отырған Отанымыз да жоқ. Бірақ әзір соғыса тұрайық...
Мүмкін, қазіргі күнде еңбектің үлкені осы болар...
Сырттан тақ-тұқ етіп автомат, пулемет тықыры естіліп қалды. Тыпыршып, булығып, тез-
тез атылып жатыр.
—
Басталды білем!..— деп, Петр атып тұрды. Бәріміз де орнымызға бардық.
Бұл жолғы шабуыл емес, басқа екен... Теңіз жақтан үсті-үстіне атылған ракета жарығында
қолында шелегі, Егор еңкелеңдеп жүгіріп келеді. Арт жағынан қуа жіберілген ракеталар
бірте-бірте қорғанға жақын түсе бастапты. Әр тұстан атқан автомат, пулемет оқтары жарқ-
жұрқ етіп, Егорды жазғытұрғы сонадай буып келеді. Жаман дос — көлеңке, ракета
жарығынан Егорды айнала қашып, баурына тығылады. Көзге бір ілегіп қалған соң,
тақтайдай жазыққа жата кетудің пайдасыздығын жақсы білетін Егор бір адым болса да
ілгері басқысы келіп, екі жағына кезек бұлтарып, ұшып келе жатыр...
Петя мен Вася екі пулеметпен Егордан әрірек жерді ата бастады. Бірақ қай жерді ату
керектігі байқалар емес. Жапа-жалғыз талауға түсіп қалған жолдасыңа жәрдем етер түк
шараң жоғына ыза болып бармағыңды шайнайсың. Көріп тұрсың, істей алар түгің жоқ.
Егор он шақты жау солдатының ортасында қалса, жалғыз барып айқаса түсуге сескенбес
едің. Мынау бір жүйкеңді кесетін жай болды...
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |