Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 232 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 221 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 224 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 230 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 231

 

Стр. 233

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Вася Гришин сағатына қарады да, ұйықтап жатқан Самедті оятты. Бұл екеуі күзет кезегіне

кеткелі жатыр. Айқас тоқталғаннан кейін, күзетке кезекпен жіберіп, екі сағаттан ұйықтап

тұруға сөз байлағамыз.

Жайлы төсекке көптен бері жатқаным осы болар...— дейді Самед, тас еденнен

тұрып жатып.—Хожа Насреддин жолдас «ұйқың қанса, жұмысың да озық болар» деген

екен... Курорттан келгендей боппын...

Түн әзір тыныш... Самед тағы бір-екі қалжыңын айтып, Васямен бірге күзетке кетті.

Өзгеміз ояу отырып түс көргендей, мең-зең халде болсақ та, басымызды жерге тигізуге

уақыт жоқ.

Апыр-ау, бұл қайда жоғалып кетті?— деп, Петр тынышсыздана бастады.

Өліп қалмаса, келер уақыты болып еді ғой.

Бекер жіберген екеміз...

Әңгіме Егор жайлы еді. Егор су әкелем деп кеткелі екі сағат болды. Әлі жоқ. Ешбір

белгісіз кетіп барады...

Күн бойғы арпалыстан кейін, бар суды бір-ақ ішіп салғамыз. Беті жабулы ақ шелекте

азғана су бар екен жарты стаканнан әрең жетті. Суды бөлуші Самед болды да, Петр

бақылап отырды. Ешкімнің сусыны қанған жоқ. Аузымыз әлі желімдей былжырап отыр.

Содан кейін Егор тұра келіп, су әкелуге рұхсат сұрады. Енді міне, оралмай кетті.

Судың қайда екенін анық білетін бе еді өзі?

Анық білетін.

Кеше түнде сол суға түсіп те кеттім деген.

Күндізгі толас кезінде біз айналаны түгел шолып, белгілеп алғамыз. Поселкенің біз жақ

бетінде сайдың табанында жатқан суды бәріміз де көргеміз. Сусап жүргенде көзіміз қайта-

қайта түскен. Бекіністің картасында да ол жерде бұлақ барлығы анық көрсетілген. Егор

кетерінде бәрін анықтап алып еді.

Егер бұлақты немістер күзетіп тұрса, Егор жанжалсыз кейін қайтпақ та. Егор көзге түсіп

қала ма деп, ол кеткелі ракета да атылған жоқ. Бірақ Егор әлі жоқ...

Біз білетін Егор ежеттік дегенді де үстірт түсінбейтін адам еді. Қара шаруаның

ұқыптылығы, айла-тәсілі деген сияқтылар бойынан табыла беретін. Сырт қарауға аңқау

көрінгенімен ар жағы қырық-қалта, айлалы да тәсілді болатын. Кеп жыл ағаш арасында

өскендіктен жер бетінің ой-шұқырына да зирек еді.

Сусыз қалар болсақ, ертеңгі күніміздің хәлі не болары бәрімізге де түсінікті еді.

Сондықтан Егордың су әкелем дегеніне ешкім қарсы болған жоқ. Су тауын алуға жалғыз

қолайлы шақ түн ғана.

Егор орнынан күлімдеп тұра беріп:

Потому что без воды.

И ни туды, и ни сюды...— дейтін белгілі әнді ыңылдап, кетіп отырды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 231 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)