Читайте также:
|
|
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 232
Стр. 234
Қазақстанның ашық кітапханасы
Қалған тоғыз жауынгердің тағы бірінен айрылсақ, мұнымыз дивизияның, бір
батальонынан айрылғаннан кем тимейді бізге. Бір майданымыз үштің бірінен
айрылғандай батады.
Адам қуаныш үстінде қайғырып, қайғы үстінде қуана алмайды. Сол сияқты, ауыр хәлдің
үстінде қалжың мен күлкің де келмейді. Бірақ ойыңды сол бір қара ноқатқа тіреп қойып
отыра берсең, қарадай жұтағаныңды білмей де қаласың. Мұндай жайдан талай бірге
шығып үйреніскен Петр маған:
—
Костя, а, Костя!..— деді.
Мана маған бірінші рет «командир жолдас!» деп сөйлесіп, басқа жолдастарға соғыстық
тәртіп жолын көрсетіп жіберген де осы Петр еді. Енді міне, оңаша отырған кезімізде төрт
жылдан бергі ескі әдетімізге басып «Костя!» деді. Біз, әрине, сақал-шашты қырау басқан
кезде де «Петя, Костя» десіп жүретін жолдастармыз.
—
Костя, қалай ойлайсың, біз Берлин көшесіне де өзге бөлімдерден бұрын кірер ме
екеміз?..
—
Неге бұрын кірмейміз, бұрын кіреміз, әрине!..
—
Ойын емес, ойласып көрейікші... Біздің әскер шегінген кездерінде біз ылғи артта
болатын едік қой, солай емес пе еді.
—
Ие, солай болатын.
—
Шабуылға көшкеннен бері ылғи алда келе жатқан жоқпыз ба?
—
Ие...
—
Олай болса, осымыз біздің ерекшелігіміз болад та...
Шегіну кезінде артта жүрсек, шабуыл кезінде алда жүрсек, жауға ең жақын жүретін біз
болғанымыз да!..
Петрдің не айтқалы келе жатқаны айқын болса да, қызынып бұл айтқан әңгімесі тез
аяқталып қалмасын деп, мен:
—
Содан соң!..— дедім.
—
Содан соң... Берлиннің төбесіне Совет туын бірінші болып орнататын да біз
болармыз?—деді Петр қызыңқырай сөйлеп.— Ол күні біз құстай ұшпаймыз ба!.. Шетінен
бір кіріп алған соң, ортасына қарай зырламаймыз ба Берлиннің!..
—
Тап осы қорғанның төбесінде тұрған туымызды апарып, Берлиннің төбесіне
шанышсақ, тіпті қызық болар еді!—дедім мең Петрға еріп, қызып кетіп.— Дал-дұлы
шыққан, талай айқасты көрген ту, денесінде мың жарасы бар жауынгердей құрметтелер
еді!..
—
Ие, ту мен жауынгер денесіндегі жара өзінен өзі құрметті белгілер... Бірақ ол жат
жер ғой... Мына біреу жырым-жырым болған туды шаншып қойған кім деп,
маршалдардың біреуі сұрап жүрсе сен тайқақтамаймысың?
—
Тайқақтайтын не бар? Адымдап шығамын да:
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стр. 232 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | | | Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |