Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 228 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 230 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 231 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 232 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 235

 

Стр. 237

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

ойлайды. Бұл бәріміздің ойымыз. Соғыста бірдемеге мұрындық бола алмаған, басқаларға

ой туғыза алмаған жеке ерлік, далаға атылған оқпен бірдей. Біздің мұнда айқасып

жатқанымыздың аяғы кесек бір қимылға апарып тіремесе, о да сол, босқа атылған оқпен

тең. Володя жәрдем келе қоймаса, қырылып қалады екеміз деп қайғырып жүрген жоқ,

әріректі ойлап күйзеліп жүр.

Жырым-жырым болған туымызды алып Самед бекініске келді:

Сабағын оқ қырқып, жел сындырып түсірді,— деді. Енді қайта жалғастырып таңып

жатыр.— Сен гвардия туысың, шыдап бақ! — деп қояды...

Таң ата тағы да ауыр соққының астында қалдық. «Фердинанд» деп аталатын бес зеңбірек

жылжып келіп қарсы алдымызға тұра қалды да, біздің бекіністі қарауылға байлап алып,

бес жүз метр жерден талқандай бастады. Тәжірибелі инженерлердің салған бекінісі әлсіз

жеріне снаряд түсірмейтін сияқты. Төбесі темір мен тас, қарсы алдында оққағарлары бар.

Зеңбіректер бақылауға қалдырылған саңлауларды көздеп атып бір бүйірін ойып барады.

Қопарып тастауға бел байлаған екен...— дейді Вася. Зеңбіректердің әуелі бекіністі

«шешіндіріп», содан кейін талқандап тастайтынын талай көргеміз. Үсті-үстіне ұрғыштап,

балшықты біраз шашады да, оқты бекіністің іргесіне дәлдеп қадай береді. Бекініс әуелі

«шешінеді», содан соң талқан болады.

Төбемізде ең кемінде екі-үш қатар темір жол табаны бар. Араластырыла құйылған Уас әлі

шатынаған жоқ. Бекіністі саңлау тұстарынан қирата қою да арзанға түспейді. Көзге арнап

қана қалдырылған төрт елі сызаға зеңбірек оғы дәл тие қоюы да тәуекел-ақ. Бірақ отырған

үйіңді біреу мың пұт балғамен маңдайдан ұрып, біреу іргесін қопарып жатса, о да бір

шыдам керек ететін нәрсе...

Тебенің екінші бүйіріне мүйіздерін тоса, үш «жолбарыс» танкісі келіп тұра қалды. Жауап

берер жай жоқ, өңіміз бұзылып, ызаға булығып барамыз. Пулеметпен танкіні ату деген

ағаш оқпен пілді атқанмен бірдей. Тақтайдай жазықта тұрған танкілер граната лақтырар

жерге жақындатпайды. Окоптан қылқитып-қылқитып бастарын шығарып, қарғаның

балапанындай болып жаяу әскер де қоршап отыр.

Дамылсыз қашап, дәлдеп ұрып жатқан зеңбірек оқтары бекіністің, жанды жерлеріне

жақындап қалғаны байқалады. Кейде бақылауға арналған саңлауларға бұрқырап шаң кіріп

кетеді, кейде қабырғадан ұшып түскен ұсақ-ұсақ тас сынығын көріп қаласың.

Солтүстіктегі пулемет ұясы талқанданып қалды,-—деді Гришин менің құлағыма

айғайлап.

Пулеметші тірі ме?

Вася басын шайқады, мен енді жетеу-ақ қалғанымызды түсіндім...

Теңіз тынышталды... Бірақ еш нәрсе көрінбейді,— дейді Володя ымдап.

Несін қарайсың... Түнге дейін күтпей-ақ қой...— дегім келіп, Володяны

саусағыммен шақыра бергенімде бәріміз де жалп етіп құлап түстік...

Бекіністің дәл түбіне салынған мың пұт мина жарылғандай, табанымыз бір дүңк етіп

қалып көтеріліңкіреп кетті де, алып ұрды. Жоғары қарай жұлқына бұрқыраған қара

топырақ қайта құлап, бар саңлауды бітеп тастады. Бекініс іші қап-қараңғы. Жараланған


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)