Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері

Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару | Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі | Заңды тұлға ұғымы | Конституцияның ұғымы мен мәні |


Читайте также:
  1. азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  2. Азақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас.
  3. Азақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
  4. Азақстан Республикасының бюджет жүйесі.
  5. Азақстан республикасының еңбек кодексі қабылданған жыл -2007
  6. Азақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.

Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді.! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

Егер жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өзінің кінәлі еместігін дәлелдесе, онда ол зиянның орнын толтырудан босатылады.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.

Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары| Ық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)