Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жәрдемақы түсінігі

Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі | Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері | Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. ақырып 2 Стандартизацияның жалпы түсінігі.
  2. Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі
  3. Жәрдемақыны тағайындауда құжаттарды қарастыру мерзімінің шегі-өтініш берілген күннен он жұмыс күні
  4. Жасқа дейін бала күтіміне байланысты берілетін 2-ші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері ... Айлық есептік көрсеткіш-6,5
  5. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
  6. Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы.

Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл белгілі бір тарихи жағдайлармен шарттасылған, қажетті ұйымдастырушылық және насихаттаушы күштермен, қаржы ресурстармен бекітілген, белгілі бір кезеңдік әлеуметтік нәтижелерге арналған, белгілі бір мақсаттарды көздейтін мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері – бұл әлеуметтік топтың азаматтары, әлеуметтік сферада белсенді өзара әрекеттесетін, яғни бұл саладағы әлеуметтік топтар азаматтарының мүдделерін білдіретін институттар, ұйымдар және билік органдары.
Әлеуметтік саясатының стратегиясы дамудың берілген нақты тарихи кезеңінде елдің әлеуметтік мәселелер жүйесін шешу.
Әлеуметтік саясаттың басым бағыттары - әлеуметтік саясаттың бірініш кезектегі міндеттері ретінде көрсетілген ең маңызды мәселелерін шешу. Басымдықтар маңызды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелердің нақты байланысы мен шиеленісінің құрамына байланысты болады.
Әлеуметтік қорғау – бұл өмірлік қажеттіліктегі игіліктерді тұтынуға мүмкіндік беретін және белгілі бір себептерге байланысты (қарттылық, денсаулық жағдайы, жұмыстан айырылу және т.б.) экономикалық белсенді бола алмайтын және өз-өзін табыс табу арқылы қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың әл-ауқатының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Әлеуметтік қорғау жүйесіне келесі шаралар кешені кіреді:
-тұрақты, ақылы еңбектік қызметті ынталандыру;
-негізгі әлеуметтік тәуекелділіктер пайда болған кезде әлеуметтік сақтандыру механизмі арқылы табыстардың бір бөлігін компенсациялау;
-әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мүшелері болып табылмайтын халықтың әлсіз топтары үшін әлеуметтік көмектің механизмдерін ұсыну;
-білім, денсаулық сақтау сияқты негізгі қызметтердің барлық азаматтарға көрсетілуі.
Тәжірибені талдау негізінде әлеуметтік қорғаудың ең тиімді және кешендік жүйелері келесі элементтерден тұрады деуге болады:
1)мемлекеттік жәрдемақылар;
2)әлеуметтік сақтандыру міндеттері;
3)зейнеткерлік қамсыздандыруды жинақтау;
4)әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар барлық азаматтарды әлеуметтік қорғауға жататын белгілі бір жағдайлар болған кезде белгілі бір деңгейде қамтамасыз ету үшін арналған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру - жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен қаржыландырылатын, азаматтардың аударымдарының деңгейіне байланысты формальді сектордың жұмыскерлерін қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақылық сақтандыру - әр азаматты дербес зейнеткерлік қамтамасыз етуге арналған.
Әлеуметтік көмек бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарына қосымша көмек көрсетуге бағытталған.
Сонымен қатар, азамат әлеуметтік тәуекелділіктердің болуы мүмкін жағдайынан қорғану үшін еркін аударымдар жасай алады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделеді.
Әлеуметтік қорғаудың жүйелері келесідей болуға тиіс:
-әділетті – жекелеген елдерде бұл әлеуметтік төлемдердің көлемі азаматтардың аударымдарына байланыссыз барлық азаматтарға бірдей болуы керек дегенді білдіреді. Басқа елдерде бұл әрбір адамды әлеуметтік қорғау оның еңбегіне, еңбек шарттарына, аударымдардың көлемі мен ұзақтығына тәуелді болуы керек дегенді білдіреді. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі айтылған екі көзқарасты үйлестіру негізінде пайда болды.
-ынталандырушы – яғни әр азаматтың жеке жауапкершілігін ынталандыруға тиіс. Жалпы барлық еңбекке қабілетті адамдар өздерінің болашағы мен өз жанұяларының жағдайы үшін жауапты болады.
-адрестік – жәрдемақылар оларды алуға құқылы және бұл жәрдемақылардағы қажеттілік жоғары болатын барлық азаматтарға терілуге тиіс.
-тиімді – яғни бұл жүйе жақсы басқарылатын, аз шығынды және қарапайым болуға тиіс.
Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелу керек, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықты максималды түрде қамтуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, әлеуметтік тәуекелділіктер негізіндегі әлеуметтік қорғау жүйесі өзіне қорғаудың келесі элементтерін қосады деп тұжырымдауға болады:
-әлеуметтік тәуекелділіктерге байланысты барлық азаматтарға бюджет есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер;
-жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің аударымдары есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру;
-жинақтаушы зейнетақы жүйе;
-бюджет қаражаттары есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарын қолдауда арнайы мемлекеттік бағдарлама және әлеуметтік көмек.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 862 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.| Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)