Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері

Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. Кәсіпорын міндеттері мен қызметтері
  2. Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
  3. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
  4. Студенттердің білімі, дағыдысы және міндеттеріне қойылатын талаптар
  5. Тақырып: Дипломатия тарихы курсының пәні мен міндеттері. Дипломатия тарихын кезеңдеу.
  6. Ыдырымпаздық -еңбек міндеттерін заңсыз тоқтату

8-бап.Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.

9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы. Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы, ал Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы.

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына,қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы.

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына,ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары.Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар.

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

15-бап. 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн орта бiлiм, бастапқы кәсiби бiлiм және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады.

19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап. Баланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына көмек жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

69-бап. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының құқықтары
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесіне қатысуға құқығы бар

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және міндетті.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 836 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері| АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)