Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. Aзаматтың құқықтың қайнар көздері
  2. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  3. Eңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері.
  4. ақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
  5. ақырыбы: Клеман және дезорма тәсілімен қатынасын анықтау.
  6. ақырып: Мемлекет аралық және сала аралық стандартизация.
  7. А) біржақты және өтемақылы, консенсуалды

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.

· Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.

Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.

· Азаматтардың ерекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.

Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.

· Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.

Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.

· Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

Әрекетқабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.

· Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі| Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)