Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері.

Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі | Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері | Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. CFG грамматика ұғымы. Грамматикада қорыту. Грамматикамен туындалатын сөздер.
  2. Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
  3. ас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері.
  4. атшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
  5. бек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.
  6. Заңды тұлға ұғымы

Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:

1) Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2) Күн сайынғы демелыс;

3) Демалыс күндері;

4) Мереке күндері;

5) Демалыстар;

Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.

Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.

Күн саынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.

Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.

Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.

Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.

Белгіленген жағдайлар тізбесі толығымен берілген деп түсіну керек.

Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтінмереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).

Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. (Ет3-ның 60-бабы)

Республика Президентінің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығы, 29- бап)

Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.

Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім мектептері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика қызметкерлеріне толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу жылы жұмыс істесе беріледі.

Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі жұмыс стажина (өтіліне):

1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыты;

2) жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталуға уақыт қосылады.

Жұмыс істеген бірінші жылы үшін қызметкерге еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің қалауы бойынша жыл сайын еңбек демалысы бөлініп берілуі де мүмкін.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесінде, жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Өндіріс қажеттеріне байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының басталуынан кемінде екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде хабарлауға міндетті.

Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары еңбек туралы заңдармен рұқсат етілген. Заңның 63-бабына сәйкес еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті болуы мен босану бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл орайда еңбек демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы (не оның бір бөлігі) тек қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімібойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың демалысына қоылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.

Жалақы сақталмайтын демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отпасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс беру мерзіміне шек қоймайды.

Заңдарда қызметкерлердің кейбер санаттарына әлеуметтік сипаттағы демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі мен босануы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезенге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзенханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннкен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толған күнге толғанға дейінгі кезенге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдем ақы төленеді.

Жүктілігі және босануы бойынша демалыстардың басқа, заңдар бір жарым жасқа балалары бар аналарға бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмайтын қасымша демалыстар беруге қарастырған. Қосымша демалыс уақыты ішінде олардың жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Бұл демалыс сәби бір жарым жасқа толғанға дейін кез-келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.

Бір жарым жасқа балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берілетін қосымша демалыс жалпы еңбек өтіліне, және мамандық бойынша жұмысын өтіліне есептелінеді. бірақ бұл уақыт жыл сайынға еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне қосылмайды.

Оқу демалысы. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады бұл демалстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстарын беру тәртібі жеке еңбек ұжымдық шарттарда белгіленеді.

Оқу демалысын алу үшін қызметкер жұмыс берушіге тиісті оқу орнының емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын туралы шақыру – анықтамасын ұсынады.

 

Е


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.| Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)