Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Заңды тұлға ұғымы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. CFG грамматика ұғымы. Грамматикада қорыту. Грамматикамен туындалатын сөздер.
  2. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері.
  3. іл ұғымы, тілдерге қолданылатын автоматтар.
  4. Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.
  5. Конституцияның ұғымы мен мәні
  6. рсетілген қай лауазымдық тұлға Қазақстан Республикасының заңдардарына қол қояды?

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары 1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi

 

Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері
Құқық теориясында заңи жауаптылықтың түсiнiгiмен байланысты мәселе пiкiр таласты болып табылады. Ол туралы көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар. Жалпы алғанда, заңи жауаптылық түсiнiгiнiң ең көп таралған екi нұсқасы туралы айтуға болады.
Заңи жауаптылық – бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi.
Заңи жауаптылық – бұл жасалған құқықбұзушылық үшiн кiнәлi тұлғаның жеке және мүлiктiк сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттiк күштеу шараса.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
-мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
-арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
-жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
-іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.

 

К


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 752 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі| Конституцияның ұғымы мен мәні

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)