Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі

Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ | Aзаматтың құқықтың қайнар көздері | Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы. | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  2. Eңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері.
  3. ақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
  4. ақырыбы: Клеман және дезорма тәсілімен қатынасын анықтау.
  5. ақырып: Мемлекет аралық және сала аралық стандартизация.
  6. А) біржақты және өтемақылы, консенсуалды
  7. А) сыйға беруші және сыйға алушы

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлықнысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі.

Пәні: жерді пайдалану, қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды бекіту барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Жүйесі: жалпы және ерекше бөлім. Жалпы: жер құқығының негізгі ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік және басқа мүліктік құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады.

Ерекше бөлім: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдык елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері;

7) босалқы жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді.

Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала;

4) шөлейтті; 5) шөлді; 6) тау етегі-шөлді-далалық; 7) субтропикалык шөлді; 8) субтропикалық-тау етегі-шөлді; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстік-сібір таулы аймақ­тар.

Жер құқығының негізгі қағидаттары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; 2) жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халкының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) жерді нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы; 7) жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жерді ақылы пайдалану.

 

З


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 775 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер ресурстарын басқару| Заңды тұлға ұғымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)