Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Aзаматтың құқықтың қайнар көздері

Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі | Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері | Ата-аналары мен балалардың құқықтары мен міндеттері | Кімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері. | Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері. | Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. | Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. | Жәрдемақы түсінігі | Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару |


Читайте также:
  1. Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
  2. Леуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі қайнар көзі -Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. Ылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамадакөрініс тапқан

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.

6-бапта:

1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады

 

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттлігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнербастыларға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесініңң атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құққықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттерді көзделуі мүмкін; азамат тқрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері жеп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықты азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.

Заңды тұғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз — олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтың әрекет қаблеттілігі дегеніміз – азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, шектелген деген сияқты түрлері бар.

Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Жартылай әрекет қабілеттілігі – 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойына олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әркекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанаға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айырылуы мүмкін. Он төрт жастан он сенгіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынадай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жһн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігі сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: бірішіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсатты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет, үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өщгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарды азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

 

Адам және адамзаттың құқықтық мәртебесінің ұғымы.

Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;туғанынан беріледі;табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;тікелей әрекетті болып табылады;ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тікелей іс-әрекеті олардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану мүмкіншілігін және нақтылығын білдіреді. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі олардың тең құқықтығы болып табылады. Конституцияда осы принцип адамның және азаматтың өмірінің барлық салаларына қолданылатыны бекітілген. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі құқықтардың, бостандықтардың және міндеттердің біртұтастығы және ажырамастығы болып табылады. Әр адам конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті. Әрбір адам және азамат адамдар қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар тек бірдей құқықтар мен бостандықтарға ғана ие емес, сондай-ақ бір біріне, қоғамға, мемлекетке қатысы бойынша бәрі бірдей міндетті болады.

 

Ә


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1250 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ,ТҮРІ| Кімшілік құқық бұзушылық: түсінігі және құрамы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)