Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас.

Читайте также:
  1. I. ПАРТИЯ НАРОДНОГО СОГЛАСИЯ В ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ РЕСПУБЛИКИ БЕЛАРУСЬ
  2. I. Республика Беларусь в современном мире
  3. II. ГОСУДАРСТВЕННОСТЬ РЕСПУБЛИКИ БЕЛАРУСЬ
  4. азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  5. Азақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
  6. Азақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 16 қыркүйегінен бастау алады. Екі ел арасындағы байланыс сол уақыттан бері тұрақты жалғасып келеді.Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың берік болуы Қазақстанның поскеңестік елдер арасында интеграциялық байланысқа ерекше мән беріп, бел шеше кірісуі болатын. Бұл мәселе бойынша Беларусь мемлекеті де белсенді қимылдады. Алайда, интеграция мәселесі бойынша екі елдің ортақ мүддесі бір болғанмен, өзінше ерекшеліктері де болды.

1990 жылдардың ортасында Беларусь мемлекеті екі ел арасындағы саяси жағдайға көп көңіл бөлсе, Қазақстан экономикалық байланысты күшейтуге қадам жасады. Әйтсе де, мұндай екі түрлі ұстаным екі ел арасындағы достыққа сызат түсірген жоқ. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Беларусь арасында үлкен келіспеушіліктер болған емес.

Минск мен Астана халықаралық ұйымдармен бірлестік орнатты. Атап айтсақ БҰҰ және ЕҚЫҰ-мен байланыс орнатып, 2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етпекші болғанда үлкен қолдау білдірген мемлекеттердің бірі Беларусь болатын. 2010 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ саммитінде Александр Лукашенко бастаған Беларусь делегациясы белсенді атсалысты.

Беларусь пен Еуро Одақ арасындағы жылымық кезінде белорусь дипломаттары Қазақстанды Еуропалық одақтың шығыс әріптестігінің "досы" мәртебесіне ұсынған болатын.
2007 жылы Беларусь пен Қазақстан Ресейдің қатысуымен Кедендік одақ құруды қолға алған болатын. Кедендік одақ, ортақ экономикалық кеңістік пен Евразиялық экономикалық одақты құруға атсалысу Белорусь-Қазақстан қарым-қатынасына айтарлықтай ықпал етті.

2009-2010 жылдары Минск пен Мәскеу қарым-қатынасына сызат түскенде Астананың интеграциялық үдерістерге қатысуы Белорусь-Ресей байланысының қалыптандырылуына оң ықпал еткен. Қазақстан жанжалдасушы тараптардың арасын делдал ретінде жалғастырушы болды.

2010 жыл аяғына қарай Беларусь-Ресей қарым-қатынасының реттелуіне орай Минск пен Астана арасындағы саяси байланыс белсене түсті. 2011 жылдың мамырында Александр Лукашенко Қазақстанға ресми іс-сапармен келіп қайтты. Бір жылдан соң Елбасы Н.Назарбаев қарымта іс-сапар жасаған болатын.

Кедендік одақ құру пен ортақ экономикалық кеңістік құруға қадам жасау, Қазақстанға Беларусь тауарларының ағылуын арттырды. 2010 жылы екі жақты сауда-саттық көлемі 867,1 млн. доллар құраса, 2011 жылы 769,2 млн болды. 2011 жылдың 11 айында сауда айналымы 848,4 млн. долларға жетіп, бұл 2011 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 133,6 млн. долларға асып түсті.

Қазақстанның Беларусьтің сыртқы сауда айналымындағы үлесі 2009 жылғы 0,8 пайыздан 2012 жылы 1 пайызға артты. Беларусьпен тауар айналымы жөнінен Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында.

Қазақстанмен сауда-саттықта Беларусь тұрақты сальдо сақтауда. 2010 жылы ол 59,7 млн. долларды құраса, 2011 жылы 493, 4 млн. ал өткен жылдың 11 айында 623,6 млн ға жеткен. Қазақстандағы Беларусь экспортының көлемі 2010 жылы 463,4 млн. долларды құрап, 2011 жылы 631,3 млн.-ға жеткен. Соңғы жылдары Беларусьтен Қазақстанға негізінен сүт пен сүт өнімдері, трактор, дөңгелек, қант, жүк көліктері, жиһаз, ағаш өнімдері, пластмасс, дәрі-дәрмек экспортталған.

Қазақстанда негізінен алюминий, мақта жіпшелері сатып алынды. 2011 жылы Беларусь тарапы цинк пен мыс сатып алудан бас тартып, алынатын мұнай өнімдерінің көлемін де азайтты. Бұл Қазақстаннан Беларуське тасымалданатын импорт көлемінің азаюына алып келді.

Өткен онжылдықта Беларусь пен Қазақстан 80 астам бірлескен кәсіпорын ашты. Қазақстан нарығында МАЗ, МТЗ, БелАЗ, Гомсельмаш белсенділік танытқан болатын.

Қазақстандық инвестициялар Белларуське салыстырмалы түрде орташа көлемде құйылды (2010 жылы 365 мың доллар) және негізінен қаржы саласына бағытталды.

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар.
Екі онжылдық ішіндегі Қазақстан және Италия екіжақты ынтымақтастық әрдайым қатынастардың әріптестік сипатымен және экономикалық, саяси салалардағы өзара тиімді мүдделермен ерекшеленді. Тараптар барлық салалардағы екіжақты байланыстарды қарқынды нығайту пайдасына берік саяси пәтуәға қол жеткізді. Жоғары деңгейдегі диалог заң шығарушылық, атқарушылық және соттық билік органдары арасындағы белсенді байланыстар арқылы сақталуда.
2011 жылғы қарашада Италияда М.Монти басшылығындағы жаңа үкіметтің құрылуымен, Қазақстанды қоса алғандағы ел сыртқы саясатының негізгі бағыттары өзгеріссіз калды.
Халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша Астана мен Римнің ұстанымдары ұқсас келеді. Ресми Рим Қазақстанның еуропалық институттарымен жақындасу қадамдарын қолдап, осы бағытта елімізге көмектесуге дайын екендігін білдіруде.
Италия Қазақстанды Еуропа мен Азияны қосып отырған геосаяси көпір ретінде қарастырып, трансатлантикалық серіктестіктің белсенді қатысушы ретінде Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі үдерісін қолдауда. Сонымен қатар итальян тарапы 2010 жылғы ЕҚЫҰ және 2011 жылғы ИЫҰ Төрағасы лауазымдарындағы Қазақстанның күш-жігерін қолдады.
ҚР Президенті Н.Назарбаев Италияға ресми сапармен 1994, 1998, 2003, 2009 жылдары барды, бұл сапарлар барысында Италия басшылығымен нәтижелі кездесулер өткізіліп, бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды.
Елбасының 2009 жылғы 4-6 қарашадағы соңғы сапары барысында Италия Президенті Д.Наполитано, Премьер-Министр С.Берлускони, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының Бас Директоры Ж.Диуфпен кездесулер өткізілген. Сонымен бірге Италияның жетекші компаниялары басшыларымен де бірнеше екіжақты кездесулер өткізілді.
ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы С.Берлусконидің қатысуымен бес екіжақты мемлекетаралық және үкіметаралық сипаттағы келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы мемлекетаралық шарт ерекше орын алады. Қазіргі таңда аталған сапар барысында қол жекізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
1997 жылы Италияның Президенті О.Л.Скальфаро Қазақстанда сапармен болды. 1998 және 2007 жылдары Италияның Минстрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Продидің Қазақстанда болды. 2008 жылғы 25 қазанда Минстрлер Кеңесінің Төрағасы С.Берлускони қысқа мерзімді іссапармен болып қайтқан.
2012 жылғы 26 наурызда және 2 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы М.Монтимен келіссөздер өткізді, олардың барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастар аясындағы барлық спектрлер бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайындығын білдірді.
Қазақстан мен Италия арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық жоспар бойынша өрбу үстінде. 1997 жылғы көктемде Италияның Парламентінде және ҚР ПаламентіМәжілісінде парламентаралық достық топтары құрылған. Екі мемлекеттің жоғарғы заң органдары арасындағы байланысын дамыту мен тәжірибемен алмасуға қолғабыс көрсету олардың міндеті болып табылады.
2011 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 66 сессиясы шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ИР сыртқы істер министрі Ф.Фраттинимен кездесуі өтті. Кездесу нәтижелері бойынша министр Ф.Фраттини аймақтық және халықаралық қатынастардың барлық салаларындағы Қазақстанның жетекші рөлін атап өтіп, ел экономикасының қарқынды дамуына назар аудара отырып, Қазақстанда италиян компаниялары өкілдіктерінің болу деңгейімен қанағаттануын білдірді.
Соңғы жылдары орын алған ең маңызды оқиғалардың арасында ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың, ҚР Парламентінің екі палатасының халықаралық комитеттерінің төрағалары бастаған ҚР Парламенті делегациясының, ҚР Ұлттық банк Төрағасы Г.Марченконың, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Төрағасы Д.Ерғожиннің, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы А.Досжанның, ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбековтың, ҚР Мұнай және газ министрі С.Мыңбаевтың және т.б. жұмыс сапарларын атап өту қажет. Сауда-экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуы жалғасуда. ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, 2010 жылғы сауда айналымы – 11,1 млрд. АҚШ долларын (экспорт – 9,57 млрд., импорт – 1,58 млрд.) құраған. 2011 жылы екіжақты тауар айналымы ең жоғарғы деңгейге - 16,1 млрд. АҚШ долларына жетті (экспорт – 15 млрд., импорт – 1,1 млрд.). Италия Қазақстанның сауда әріптестері арасында үшінші орынды иеленуде: қазіргі таңда Апеннин елінің Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы алып отырған үлесі 12,6% құрайды (Ресей - 18,9%, Қытай – 16,4%).
Қазақстаннан Италияға негізінен шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминоздық жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері, сұйық отын (мазут), бидай, цинк, алтын, мыс және ферросплав экспорталады.
Италиядан Қазақстанға, негізінен, халық тұтынатын тауарлар импортталады. Екінші орында машина мен жабдықтар. Басқа сауда тобына жататын тауарлар мүлде өзгермеген.
Италия Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша,1994 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан экономикасына Италиядан келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан-италиян бірлескен кәсіпорындарының құрылуы жалғасуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда итальян капиталының қатысуымен 142 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Бірлескен кәсіпорын пайдалы кендер орындарын дамыту, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіпті жасау, ауылшаруашылық машина жасау, энергетика, ХТТ (халық тұтынатын тауарларды) өндіру саласында өз қызметтерін жүзеге асырады.
Сауда-экономикалық саладағы қазақстан-италиян қатынастарының дамуының маңызды құралы Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасу бойынша қазақстан-италиян үкіметаралық жұмыс тобының мәжілістері болып саналады.
Жалпы, италияндық іскерлік топтардың қазақстандық компанияларға өсіп бара жатқан қызығушылығын және сенімін атап өту қажет. Италия елімізді ТМД-ғы ең тез дамып келе жатқан елдердің бірі және қолайлы инвестициялық климаты, бизнесті жүргізуге жақсы жағдайы және тұрақты саяси жүйесі бар мемлекет ретінде қарастырады.
Мәдениет-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық
Қазақстан-италиян мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының негізгі мысалдарының бірі 2001 жылдан бері жалғасып жатқан археологиялық миссия болып табылады. Зерттеулер тақырыбы: «Еуразия даласындағы көшпенді малшаруашылық қауымдастықтарының эволюциясы. Қола дәуірінен қазірге дейінгі Орталық Азиядағы көшпенді малшаруашылығының құрылуы мен дамуы. Талдысай мекеніндегі археологиялық қазба жұмыстары, аумақтарды барлау, ортаны және материалдарды зерттеу».
Бірлескен жұмыстың басқа мысалы – ENI корпорациясы қаржылай қолдауындағы ҚР ҰҒА мен «Onlus» Италиян дін мен мәдениетті зерттеу институты арасындағы үшжылдық жоба. Жобаның бірінші кезеңінің нәтижесінде 2009 жылы Римге жасаған ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевқа ұсынылған «Казақстан. Дін мен қоғам» мақалалар жинағы жарық көрді. 2011 ж. «Қазақстанның діни мекендері жөніндегі жолаушы кітабы» басылып шықты. Кітаптардың тұсау кесері 2011 жылғы 28 қарашада Назарбаев Университетінде «Қазақстан мен Италия арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастық: бастауларды және өзіндік ерекшелікті ашу» атты қазақстан-италиян конференциясы шеңберінде өтті.
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне байланысты, Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесіне енуі қазақстан-италиян ынтымақастығы бағыттарының бірі болып табылады.
«Темпус» бағдарламасы аясында бірқатар қазақстандық университеттер Миландағы Санта Куоре университетімен әлеуметтік жұмыс менеджменті саласында ынтымақтасуда. Бағдарламада оқыу семинарлары мен тренингтерді, бірлескен жобалар дайындауды қамтиды.
Италияның жоғарғы оқу орындары мен зерттеу институттарына қазақстандық мұғалімдер мен ғалымдардың жеке сапарлары іске асырылды.
Италияның кинофестивальдері, мәдени орталықтары мен қорларымен өзара қарым-қатынас жөнінде орнықты және мақсатты жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде «Азиатикафильммедиале» (Asiaticafilmmediale), «Леванте Интернэшэнэл» (LIFF), «Арте э Спеттаколо» ассоциациясы (Arte e Spettacolo), «ПерголезиСпонтино» мәдени қоры және т.б. бар.
2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Кұл-Мұхаммед пен «Ла Скала» театрының директоры Стефан Лесснердің арасындағы жас дарынды қазақстандық музыканттар мен әншілердің сынақ ісінен өтулері туралы қол жеткізілген келісіміне сәйкес, 2011 жылы он жетекші қазақстандық опера әншілері театрда өз кәсіби деңгейлерін көтерді.
Қазақ өнер академиясының ректоры, ҚР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева Италияда бірнеше рет концерт берді және «Санта Чечилия» консерваториясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
2010 жылғы 25 сәуірде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Триест қаласын және Гориция облысын азат етуде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштің ресми ашылу рәсімі болып өтті. Еске алу шараларына қатысқан соғыс ардагерлерінің делегациясы Қазақстаннан келді.
Италиян мәдениет мұрасына зиян келтірген 2009 жылғы 6 сәуірдегі Абруццода орын алған күшті жерсілкінісінен кейін ҚР Үкіметі «Амитернумнан шыққан Әулие Биаджо» тарихи кешенін қалпына келтіруге 1 млн. 700 мың еуро сомасында қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдады.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 266 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.| Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)