Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.

Читайте также:
  1. Азақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас.
  2. Азақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
  3. Азақстан Республикасының бюджет жүйесі.
  4. Азақстан республикасының еңбек кодексі қабылданған жыл -2007
  5. Азақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары
  6. Азақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
  7. Азақстан Республикасының сыртқы саясаты

СӨЖ

Тақырыбы: «Заманауи дипломатия және дипломатиялық қызмет»

 

 

Орындаған: ХҚФ 202-топ, Дәулетяр

Назерке Байтасқызы

Тексерген: Исхан Бейбіт Жалелұлы

 

Алматы, 2014 жыл

Жоспар:

Кіріспе

v Дипломатия дегеніміз не?

v Дипломатия түрлері

Негізгі бөлім

v Қазақстанның Балтық жағалауы елдерімен және Фин­ляндиямен қарым-қаты­настары.

v Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас.

v Қазақстан мен Литва ара­сындағы қарым-қатынас­тар.

v Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар.

Орытынды бөлім

Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.

 

Дипломатия - [лат. duplicata - билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы,дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:

1. Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;

2. Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;

3. "Құпия дипломатия" " қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға " айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.

Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.

· Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.

· Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

· Экономикалық дипломатия

1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.

Жариялық немесе халықтық дипломатия

Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Элем корпусы).

Дипломатия халық мүддесіне қызмет етеді

Тәуелсіздігіміздің 20 жылында еліміздің іргесі бекіп, халықаралық аренадағы беделі артты. Алыс-жақын шетелдерде елшіліктер ашылып, олар елмен елді жақындастыруға өз үлестерін қосып келеді.

Қазақстанның Балтық жағалауы елдерімен және Фин­ляндиямен қарым-қаты­настары. Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлем картасынан орын алды. Содан бергі кезеңде мемлекеттілігіміз қалыптасып қана қоймай, Қа­зақстан дү­ние жүзін­де­гі да­мыған елу елдің қа­тарына ұм­ты­луда. Еліміз осы мақ­саттағы ал­ғаш­­қы бас­пал­дақ­тар­дан сәтті өтіп келеді. Жаңа Қа­­зақстан әлем­дік аре­нада үлкен абы­­­ройға ие бо­лып, жа­һан­дық тү­­йін­дерді ше­шу­дің баста­ма­шы­сына ай­налды. Төр­де оты­­­рып, төрелік ай­татын дәрежеге көте­рілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен-ақ егемен ел ретінде шет елдермен өзара тиімді бай­ланыс қалыптастыру мақса­тын­да басқа мемлекеттерде Қазақ­станның елшіліктері ашыла бас­тады. Қазақ­станның Балтық жа­ғалауы елдері және Финляндиямен дипломатия­лық қаты­нас­тары 1992 жылы орнады. Ал 1993 жылы Вильнюс қаласында Қазақстан Республика­сының Лит­­ва Республикасындағы елшілігі ашылды. Елшіліктің қыз­меттік аймағына Литва Респуб­ликасымен қатар Латвия, Эсто­ния және Финляндия кіреді. Осы уақыттан бері Латвия мен Эсто­нияда консулдық бөлімдер ашыл­ған, әр елдің астанасында және Литваның Клайпеда қала­сында Қазақстанның Құрметті консул­дық­тары дипломатиялық қаты­нас­тарға сай жұмыстар атқаруда. Финляндия мен Қазақстан арасындағы қатынастарды ны­ғай­ту үшін саяси тұрғыдан ал­ғанда барлық қажетті жағдай жасал­ғанын атап өткім келеді. Жоғары деңгейде өзара сенімге негізделген үнқатысу орнады, өзара іс-қимылдың негізгі ба­сым­дықтары белгіленді, Үкімет­аралық комиссия мен екіжақты ынты­мақтас­тықтың басқа да тетіктері іске қосылды. Сонымен қатар, Қазақ­стан мен осы елдер ара­сындағы экономикалық және гуманитар­лық салалардағы қа­рым-қатынас­тар­дың келешек көк­­жиегі бұрын­ғыдан да кеңейе түсті. Оған 2009 жылдың наурыз айында өткен Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына мем­­­­лекеттік сапары дәлел. Ке­ліс­сөздердің қорытындылары бо­­йынша Қазақстан мен Финляндия арасында бірқатар екі­жақты құжаттарға, оның ішінде табысқа салынатын салыққа қа­тысты қосарланған салық са­луды бол­дырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы және Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым министрлігі мен Финляндия Рес­пуб­ликасы Білім министрлігі ара­сындағы өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойылды.

Екіжақты қатынастарда сау­да-экономикалық ын­тымақ­тас­тық­тың үкіметаралық комис­сиясы үлкен рөл атқаруда. Осы уақытқа дейін аталған комис­сияның алты отырысы өткен, соң­ғысы осы жылдың ақпан айында болды. Қазақстанда фин капиталының қатысуымен жи­ыр­мадан астам кәсіпорын та­бысты жұмыс істеуде. Фин­ляндияның озық техноло­гия­ларын және осы елдегі ірі ка­питалды Қазақстанға тарту мақ­сатында елшілік 2010 жылдың желтоқсанында Хельсинки қала­сында «Қазақстанның эконо­ми­ка күндері» атты бизнес-форум өткізді. Бизнес-форум қазір өз нәтижесін әкелуде.

Латвия мен Қазақстан. Латвия Республикасы да Қазақстанның әлемдік арена­дағы сенімді серіктесі болып та­бы­лады. Қазақстан Латвияны Бал­тық бойындағы маңызды эко­но­микалық әріптесі ретінде қарас­тырады. Латвияда жиыр­мадан астам бірлескен кәсіп­орын жұмыс жасауда. Олар ақпараттық және коммуника­циялық технологиялар, білім беру, денсаулық сақ­тау және туризм салаларын­дағы жо­баларды іске асы­руда. Қазақ­стан­ның Лат­вияға экс­порт басым­дықта­ры то­қыма өндірі­сі, металдар, өсім­дік тағамдары бо­лып табылады. Ал Латвиядан машина, құрал-жаб­дық, азық-түлік өнім­де­рі және жер үсті көліктері им­порт­талады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында Қазақ­стан басшысы Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвес, Парламент спикері Эне Эргма және Премьер-министр Андрус Ансиппен кездесулер өткізді. Осы мемлекеттік сапардың барысында көлік, транзит, энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру сияқты маңызды салалардағы ын­тымақтастықтың негізгі бағыт­тары анықталды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақ­стан Президенті мен Эстония Пре­зиденті Бірлескен мәлімде­меге қол қойды. Басқа да екі жақты келісімдер жасалды.

Бірлескен баспасөз мәслихаты барысындағы сөзінде Елбасы Н.На­зарбаев Қазақстан Эстония­мен ынтымақтастықты дамытуға ма­ңыз­ды мән беретінін және екі ел арасында сенімді үнқатысу жо­ғары деңгейде орнығып, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары анық­талғанын, осының нәтиже­сінде келісім-шарттық-құқықтық база құрылғанын атап өтті. Сон­дай-ақ, Қазақстан басшысы Эсто­нияның Астанада өз елшілігін ашу туралы шешіміне риза­шы­лығын білдірді. Тәуелсіздік жыл­дарында Эстония зор табыс­тарға жетіп, Еуропалық Одақтың, НАТО мен Экономи­калық ынты­мақ­тастық және даму ұйымының толыққанды мүшесі болды, сон­дай-ақ жалпыеуропалық валюта – еуроны қабылдағаны белгілі.

Жалпы, өткен жылы Қазақ­стан мен Эстония арасындағы сау­­да айналымы 37 пайызға өссе, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында екі есе артты. Осы жағымды үрдіс бекітіле түсуде. Кеден одағының құрылуына бай­ланысты жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, өзара сауда көлемін арттыруға бағытталған шара­ларды жалғастыру өте маңызды.

Қазақстан мен Литва ара­сындағы қарым-қатынас­тар. Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері екі елдің саяси байланысы құрылымды және қар­қынды дамып келеді. Елбасы Лит­ваға, ал Литва басшылығы Қа­зақ­станға ресми сапарлармен алмас­қан. Осы жылдың күзінде Литва Президенті Даля Гри­баускайтенің Қазақстанға сапары көзделуде.

Қазіргі таңда Вильнюс Аста­на­ны Еуропа мен Азияны байла­ныстыратын Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде таниды. Литва сыртқы саясат бағытында қазақ­стандық бастамаларға, соның ішінде ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шең­берінде, сондай-ақ, БСҰ-ға кіру мәселесінде қолдау көр­сетуде. Астана өз кезегінде Вильнюсті Балтық жағалауын­дағы және жал­пы Еуроодақтағы маңызды саяси және эконо­микалық серік­тесте­рінің бірі ретінде бағалайды.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының эста­фетасын 2011 жылы Литва Республикасы қабылдағаны бел­­­гілі. Қазіргі таңда екі мем­лекеттің ЕҚЫҰ-ның «Үштігін­дегі» жұмысы түсіністік жағ­дайында одан әрі табысты жал­ғасуда. Жалпы, Литва ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы шеңберінде Астана декларациясын ұста­ным­ға алып, көптеген шаралар өткізуде. Атап айтатын ша­ра­лардың бірі – 2011 жылғы 7-8 маусымда Вильнюсте Лит­ва төр­аға­лығы және БАҚ бос­тан­ды­ғы мәсе­ле­лері жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі­нің кеңсесі ұй­ым­­дастырған журналистер қа­уіпсіздігі жөнінде ЕҚЫҰ кон­ференциясы. Конференцияның қорытындысы бойынша «Жур­налистердің қауіпсіздігі жөнін­дегі Вильнюс ұсыныстары» құжаты қабылданды.

Екі елден өзара инвестиция­лар тарту және жаңа бай­ланыстар орнату мақсатымен 2011 жылғы 15-16 маусымда Клайпеда қаласында Литва мен Қазақстанның Сыртқы істер және Көлік министрліктері қол­дауымен, сонымен бірге, «Jūra-Mоре-Sеа» халықаралық журна­лы, Қазақстанның Клай­пе­дадағы Құрметті консулдығы, Клайпеда университеті және Қазақстанның Литвадағы елшілігі ұйымдастыруымен «Балтық теңізі: Еуразияға қақпа» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияның отырысы кезінде Кеден одағы құрылуына байланысты елдеріміздің транзиттік ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Конференцияның қорытынды отырысында эконо­микалық дағдарыстың көлік бизнесіне қатысты салдары қа­растырылды.

Осы жылдың шілде айының ортасында Қазақстанның Клай­педадағы Құрметті консулы Бенедиктас Петраускастың бас­шы­лығымен Литваның бір топ іскер адамдары Қазақстанға сапар шекті. Сапар барысында литвалық бизнесмендер Парламент Мәжілісінің депутат­тары­мен, Сыртқы істер минис­трлігінің, «Атамекен» СЭП-тың және қазақстандық бизнес қауымның өкілдерімен бірнеше пайдалы кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, 2000 жылы құрылған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкі­мет­аралық комиссия екі жақты экономикалық қатынастардың маңызды тетігі болып табыла­тынын ерекше атап өткім келеді. Осы уақытқа дейін аталған комиссияның 7 отырысы өт­ті. Келесі отырыс ағымдағы жыл­дың қыркүйек айына жоспар­ланған.

Литвадағы «Нұрсәуле» қа­зақ­тар қоғамдастығы және Қа­зақстандағы «Lituanica» литван қоғамдық ұйымы екі ел ара­сын­дағы мәдени байланыс­тарды нығайту жұмысына үл­кен үлес қосуда. Аталған ұй­ымдар қо­ғам­дық өмірге белсенді қаты­сып, екі жақты мәдени ынты­мақтастықты дамытуда. Биыл мамыр айында Астанада өткен Дүниежүзі қазақ­тарының ІV құрылтайына Литва қазақ­тары атынан өкіл болып «Нұр­сәу­ленің» төрайымы Аида Молиене қатысты.

Алда әлі де атқарылар істер көп. Заманауи талаптарға, жа­һандық үрдістерге орай елдер арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастардың жаңғыр­ты­лып, тереңдей түсуі заңды құ­былыс болып табылады. Сөй­тіп, екі жақты қалыптасқан өзара байланыс одан әрі тиімді дамып, экономикалық қатынас­тар екі ел халқының мүдде­леріне қызмет ете беретін болады.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 599 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Иллюстрации| Азақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)