Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS | Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатиядағы мәселелер | Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау | Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл | Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар | Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары | Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар | Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар |


Читайте также:
  1. Вопрос №18: Дипломатический корпус: понятие, статус, список. Дуайен.
  2. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі дипломатиялық қатынастар.
  3. Ортағасырдағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тарихы
  4. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл
  5. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
  6. тақырып. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Қазақтың театр және кино өнері.
  7. тақырып. Қазақстанның білім беру жүйесі. «Болашақ» бағдарламасы. Экология. Одағай. Еліктеу сөздер.

Дипломатия тарихында «дипломатиялық корпус» ұғымы. Оның екі түрлі мағынада қолданылуы.

Тар мағынада - қабылдаушы мемлекеттегі аккредиттелген шет ел дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығы;

Кең мағынада - дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық жұмысшылары, қабылдаушы мемлекет үкіметімен осы деңгейде танылғандар және олардың отбасы мүшелері.

Халықаралық дәстүрде дипломатиялық корпус ұжым түрінде хаттамалық және салтанатты сипаттағы міндетті атқарады, дипломаттардың қабылдаушы мемлекеттің үкіметтік мекемелерімен және ресми тұлғаларымен, дипломатиялық өкілдіктердің өз арасында байланыс орнатуға ат салысады. Әдетте дипломатиялық корпус атынан оның дуайені өкілдік етеді.

Дипломатиялық корпус дуайені (фр. doyen - ақсақал) – қабылдаушы мемлекеттің дипломатиялық корпусы әріптестерінің арасында бірінші болып сенім грамотасын тапсырған дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші немесе Ватиканның өкілі нунций). Дуайен әрқашан жоғары сыныпты дипломатиялық өкіл болып табылады.

«Дипломатиялық корпусты кейде қауымдастық, корпорация, фирма, цех, тіпті қалжың түрінде мафия деп те атайды», - деп жазады ғалым, дипломат В.И. Попов. Дипломатиялық корпустың мүшелерін ең алдымен кәсіби тұрғыдан қарастырғанда қызығушылықтары ортақ, ынтымағы жарасқан, басқа адамдардан ерекшеленіп тұратын қасиеттер біріктіреді.

Дипломатиялық корпустың өмірі дипломаттардың қызметімен тікелей байланысты. Әрбір мемлекеттің өзіндік дипломатия мектебі бар. Олар өз дипломаттарын тәжірибеде шыңдай отырып қалыптастырады. Мысалы, ағылшын дипломатиясы классикалық үлгідегі әрі ХІХ-ХХ ғғ. дипломатияның дамуына үлес қосқан мектептердің бірі ретінде танылса, екінші жағынан олар дипломатия тарихы мен өнерін жетік меңгере отырып, дипломатиялық қызметке баратын мемлекет туралы энциклопедиялық мәліметтермен жан-жақты хабардар болуымен ерекшеленеді. Ал француз дипломатиясы қазіргі әлемдік дипломатияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Шығыс елдерінің ішінен жапондық дипломатияға тоқталатын болсақ, бұл елдің дипломатия тарихы жоғарыда аталған мемлекеттермен салыстырып қарағанда анағұрлым жас. Соған қарамастан олар дипломаттарын мұқият түрде даярлайды. Жапондық дипломаттар «иә», «жоқ», «білмеймін» деген сөздерді мүлде айтпауға тырысады. Олардың стильдері – жинақтылық, міндеттілік, уақыттың дәлме-дәлдігі, берілген уәдені орындау.

Қазақстандық дипломатия мен оның дипломаттары туралы нақты бір тұжырымдар жасау ертерек. Себебі Қазақстанның дипломатия тарихы оның тәуелсіздік алуымен бірге басталды. Жиырма жыл уақыт дипломатия тарихы үшін өте аз уақыт. Дегенмен де осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта екіжақты және көпжақты дипломатиялық қарым-қатынастар орната отырып, дипломатиялық қызметті атқара алатын интеллектуалды, жоғары білімді, мәдениетті, жоғары моральдық қасиетке ие дипломаттарды қалыптастырып үлгерді.

 

Әдебиеттер: 1, 4, 6, 7, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 29, 60, 63


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 434 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Дипломатиялық байланыстар| Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)