Читайте также:
|
|
Қазіргі заманғы дипломатияның жаңа түрлері: «ашық дипломатия», «көпшілік дипломатия», «кіші қайық дипломатиясы» («челночная дипломатия») және басқалары.
«Ашық дипломатия» ұғымы. Оның халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихына термин ретінде енуі. Оны бірінші рет айналымға енгізген сол кездегі АҚШ-тың президенті В.Вильсон. Ол өзінің 1918 жылдың қаңтар айында «Он төрт пункітін» жариялау барысында «Ашық бейбіт келісім-шарттар ашық түрде талқыланып, талқыланған бұл келісімдерді басқаша түрде баяндауға жол берілмейді, ал дипломатия көпшіліктің алдында адал түрде іс-әрекет етеді», - деп айтқан болатын. Осы тарихи оқиғаны Г. Никольсонның «демократиялық дипломатия» ұғымымен байланыстыруы.
«Көпшілік дипломатия» — шетелдік аудиторияны зерттеуге және оған ақпарат таратуға бағытталған, сонымен бірге байланыс орнатудың кешенді шаралары.
«Көпшілік дипломатия» өз елі азаматтары және шетелдік әріптестер арасындағы диалогты кеңейту мақсатын көздейді. Бұл белсенді халықаралық алмасу ақпараттық бағдарламаларды құру, өз мәдениетін насихаттауды болжайды.
Көбінде «көпшілік дипломатия» және «масс-медиа дипломатия» термині өзара алмаса алады. Насихаттауды да өзіне енгізетін БАҚ-тың дипломатиясы «көпшілік дипломатияның» бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта БАҚ өкілдері арқылы пікір алмасу, белгілі бір мәселеде өзінің ұстанған бағытын көрсету сияқты дипломатиялық жұмыстарға тән функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
«Кіші қайық дипломатиясы» («челночная дипломатия») ұғымы биполярлы жүйе, яғни АҚШ пен КСРО арасындағы конфронтация кезінде пайда болды. Бұл ұғым АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджердің есімімен және оның Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі қызметімен байланысты. Ресми емес түрде «кіші қайық дипломатиясын» мемлекеттік хатшының тараптармен үздіксіз жүргізген келіссөзін айтады. Яғни, мемлекеттік хатшы бір күні қақтығысушы тараптардың бір жағымен, келесі күні екінші жағымен, ал кейбір кезде бір күнде екеуімен де кездеседі. Тарихта 1973 жылдың қараша айы мен 1974 жылдың қаңтар айларының арасында «Боинг-707» ұшағы Г.Киссинджердің тұрақты мекені болғаны туралы да деректер бар. Сондықтан мемлекеттік хатшының саяси қызметі «кіші қайық дипломатиясы», ал кейбір деректерде «конкорд дипломатиясы» («конкорд» - ұшақтың моделі) деп аталады.
Әдебиеттер: 2, 4, 6, 7, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 28, 29, 37, 43, 51, 63
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 483 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл | | | Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары |