Читайте также:
|
|
« Дипломатиялық байланыстар» ұғымы. Оған әсер етуші факторлар.
Бірінші фактор – сенімділік таныту. Егер тараптардың бірі екіншісіне күдіктеніп, сенімсіздік танытса, онда дипломаттар ешқандай ортақ мәмілеге келе алмайды. Сондықтан тек қана сенімділік танытқан жерде ғана қарым-қатынас нығая түседі, серіктестер бір бірін жақын танитын болады.
Екінші фактор – пайда әкелу. Бұл фактор дипломатиялық байланыстар үшін маңызды талаптардың бірі. Кейде кездесу немесе әңгімелесу үстінде оған қатысушылардың арасынан өзіндік пікір айта алмайтын, білімі терең емес немесе бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтермен ғана шектеліп қалатындар кездеседі. Мұндай келеңсіз оқиғалар болмас үшін, дипломатиялық байланыс орнату кезінде тараптарға бірдей пайда әкелетін фактор керек.
Үшінші фактор – орнықты, тұрақты сипатқа ие байланыстардың болуы. Нақты дипломатиялық байланыстар жүру үшін, дипломаттар актер сияқты өз рөлдерін жақсы ойнай білулері керек әрі үнемі тұрақты байланыс жасап отырулары керек. Сонда ғана екі және көпжақты қарым-қатынастар сәтті болады.
Дипломатиялық байланыстарды орнату үшін оларға қажетті факторлардан басқа дипломатқа тән қасиеттер керек. Ол үшін дипломат өз мемлекетін, оның ерекшеліктерін жақсы біліп қана қоймай, келген елдің тарихын, саясатын, экономикасын және мәдениетін жақсы білуі шарт. Сонымен бірге тығыз сенімді байланыс орнату үшін дипломат келген елдің тілін де жақсы меңгеруі керек.
Қазіргі дипломатияда халықаралық жағдайдың күрделуіне байланысты мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізетін ақылды, талантты дипломаттарды қажет етеді. Өткен ғасырлардағы дипломаттарға қойылатын талаптардың бүгінгі күні анағұрлым өзгергені белгілі және ол жаһандану үрдістеріне сәйкес жаңашылдықпен толықтырыла түсуде. Мысалы, ақпараттарды жинау мен оларды өңдеу үшін компьютерлік сауаттылықты меңгеру, күрделі әскери және халықаралық қаржы мәселелерін талдай білу, халықаралық ұйымдардың қызметін, олардың жарғыларын, құқықтары мен міндеттерін жақсы білу т.с.с.
Әдебиеттер: 1, 4, 6, 7, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 29, 60, 63
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 536 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау | | | Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті |