Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатиядағы мәселелер

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары | Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS | Тақырып. Дипломатиялық байланыстар | Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті | Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар | Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл | Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар | Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары | Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар | Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар |


Читайте также:
  1. аңлы мемлекетінің пайда болуы, шекарасы басқа да маңызды мәселелері жайында. Қытайдың «Цянь Ханьшу»атты деректерінде.
  2. Азіргі дипломатия мәселелері» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
  3. Азіргі дипломатия мәселелері» пәні бойынша тест сұрақтары
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. КІРІСПЕ
  7. ЛЕКЦИЯ.

Сыртқы саясаттың негізгі құрамдас бөлімдерінің бірі - дипломатия болып табылады. Дипломатия өз кезегінде сыртқы саясатты жүргізу үшін қолданатын әдістер мен тәсілдердің, практикалық іс-шаралардың жиынтығынан құралады. Мемлекеттердің сыртқы саясатын анықтауда дипломатиялық қызметтің маңызы ерекше.

Халықаралық қатынастар тарихында дипломатия ұғымына қатысты түрлі анықтамалардың бар екені белгілі және олар дипломатияның мәні мен жекелеген қырларын ашып көрсетуге бағытталған.

Сөздіктерде «дипломатия» - мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу тәсілі, яғни ол әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы, белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер; шетелдердегі мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі.

Толық мағынадағы «дипломатия» ұғымын бірінші рет қолданған Людовик ХІҮ тұсындағы бірқатар еуропалық мемлекеттерде елші қызметін атқарған, маңызды келіссөздерге қатысқан француз дипломаты Франсуа Кальер. Ол 1716 ж. өзінің «Мемлекет басшыларымен келіссөздер жүргізудің әдістері» («Способы ведения переговоров с государями») деген еңбегін жариялаған. Бірақ ол өзінің осы еңбегінде «дипломатия» сөзін қолданбайды, автор оның орнына «келіссөз жүргізуші» сөзін пайдаланады. Осы еңбектің жарық көруінен соң дипломатия жоғарғы моральдық принциптерге негізделген ғылым және өнер ретінде қарастырыла басталды. Себебі грек және рим дәуірі кезеңдерінде дипломатия өтірік айту, жалған сөйлеу, алдау және айлакерлік таныту үшін кәсіп болып саналса, ал орта ғасырларда өтірік пен алдау тәсілдері өнер деңгейіне дейін жетті. Ф.Кальер бірінші рет келіссөздің құралы ретіндегі өтірікті жоққа шығарды. Сондықтан да «дипломатияға» байланысты қолданылатын «ғылым», «өнер» ұғымына анықтамалар беріліп, олардың ара қатынасы анықталды. Қазіргі кезде Ф. Кальердің бұл еңбегін Батыс және Шығыс елдерінің дипломаттар даярлайтын мектептерінде міндетті оқу құралы ретінде пайдаланады.

«Дипломатия» термині көбінесе келесі мағыналарда қолданылады:

- сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік қызмет;

- сыртқы саясатта мемлекеттік қызметпен айналысатын мекемелер мен тұлғалар жиынтығы;

- дипломат мамандығы.

Мысалы, бельгиялық заңгер және халықаралық қатынастар маманы А.Ривье «дипломатия» сөзінің үш мағынасын атап көрсетеді:

1) «дипломатия» деп техникалық және арнайы мағынада... мемлекетің өкілдерінің және келіссөздер жүргізудің ғылымы мен өнері...;

2) «дипломатия» сөзі кең көлемде қолданылады, яғни осы мемлекеттің өкілдерінің, оған қоса сыртқы істер министрлігі органдарының жиынтығы немесе оның саяси агенттерінің жиынтығын білдіретін күрделі ұғым;

3) «дипломатия» деп дипломаттың кәсібін немесе мансабын түсінуге болады..

Ағылшын дипломаты және публицисті Г. Никольсонның айтуы бойынша «Дипломатия – бұл халықаралық қатынастарды келіссөздер арқылы жүргізу, осы қатынастарды елшілердің қатысуымен реттеуші әдіс-тәсілдер және дипломаттың жұмысы немесе өнері». Кейде ол сыртқы саясаттың синонимі ретінде, кейде келіссөздер жүргізуде өнер ретінде қолданылады. Жалпы ол сыртқы істердің шетел ведомствосының мағынасын айқындау үшін қолданылады. Көбінесе дипломатияны екіге бөліп қарастырады: кең мағынада (сыртқы саясатта - ғылым ретінде) және тар мағынада (арнайы келісімдерді жүргізуде - өнер ретінде).

Дипломатияның сыртқы саясатқа қарағанда ұғымы тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады. Сыртқы саясат дипломатиядан басқа халықаралық қатынастар жүйесінде әр түрлі тәсілдерді (мысалы, әскери тәсіл) қолданады. Ең басты айырмашылығы дипломатия сыртқы саясаттың құралы ретінде әскери күш қолданбауы (мысалы, келіссөздер, дипломатиялық хат аласу, кездесулер т.с.с.)

«Дипломатия» ұғымымен халықаралық дау–жанжалды реттеу немесе тоқтату, ымыраға келуді және өзара қолайлы шешімді іздеу, сондай–ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатында келіссөз жүргізу өнерін де байланыстырады.

Дипломатияны жүргізу кәсіби шеберлікке байланысты. Сондықтан кәсіби дипломаттар іс жүргізудің ережелерін жетік меңгерумен қатар, келіп түсетін ақпараттарға сараптама жасай да білу керек. Сол сияқты делегацияның баға жетпес кеңесшісі де кәсіби дипломаттар. Сондықтан лекция барысында төмендегі мәселелер қарастырылады:

- Қазіргі дипломатия ұғымы және оның ерекшеліктері. Дипломатия және сыртқы саясат. Дипломатия және халықаралық құқық, дипломатия және дипломатиялық құқық ұғымдарының ара қатынасы мәселелері;

- ХХІ ғасырдағы дипломатияның маңызы мен рөлі;

- Дипломатиялық қызмет ұғымы. Оның дамуының негізгі кезеңдері. Дипломатиялық қызметті құқықтық реттеу мәселелері;

- Дипломатиялық кадрлар. Дипломатиялық қызметкерлерге қазіргі кезде қойылатын талаптар;

- Мемлекеттің дипломатиялық қызметінің негізгі формалары мен әдістері.

Әдебиеттер: 1, 2, 4, 6, 7, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 29, 60, 63


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 517 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі| Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)