Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі дипломатиялық қатынастар.

Студенттердің білімі, дағыдысы және міндеттеріне қойылатын талаптар | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Осымша әдебиеттер | Білімді бағалау жалпы шкаласы | Пәннің сипаттамасы. | Ортағасырдағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тарихы | Еуропалық тепе-теңдік теориясы – ЕТТ. | Тақырып бойынша тесттерді орындау | ХIХ ғ. – ХХ ғ. басындағы дипломатиялық қатынастардың тарихы. | ХІХ ғ. - ХХ ғ. басындағы, І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық қатынастардың тарихы. |


Читайте также:
  1. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  2. Eңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері.
  3. ақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
  4. ақырыбы: Клеман және дезорма тәсілімен қатынасын анықтау.
  5. ақырып: Мемлекет аралық және сала аралық стандартизация.
  6. А) біржақты және өтемақылы, консенсуалды
  7. А) сыйға беруші және сыйға алушы

1.Екінші дүниежүзілік соғысының алғышарттары.

2.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы одақтастар үшін күрес.

3.Ялта-Потсдам жүйесінің қалыптасуы.

 

Тегеран конференциясы. КСРО ұлы мемлекет болып танылды. Американдықтар Сталиннің көмегіне мұқтаж болғанымен, әлі оған соңына дейін сенім арта қоймады. Қызыл Әскер өзінің күшін көрсетті. АҚШ пен Англия Сталинның ең басты талабын, әғни екінші майдан ашу жөніндегі талабын орындауға дайын болмады. Жазбаша түрде КССО-ның соғыс алдында барлық жаулап алынған жерлеріне қарсылық білдірілген жоқ. Сталинге екінші майдан 1944 жылдың 2 мамырында ашылады деген уәде берілді. Сталин соғысты Германияның капитуляциясына дейін жеткізуге және Германияны жеңгеннен соң 3 айдан кейін Жапонияға қарсы соғыс ашу міндетін мойнына алды.

1944 жылдың 6 маусымы – одақтастар Нормандияға қонды. 1944 жылдың қазан айына қарай Шығыс Еуропаның негізгі бөлігін Қызыл Әскерлер неміс әскерлерінен азат етті. 1945 жылдың басында жеңіске қол жеткізілетініне еш күмін қалмады.

Соғыстан кейінгі әлемді бөлісіп құруға арналған басқосу. Ялта конференциясы. Сталин, ұсақ, маңызды емес шегерімдерге көніп, Біріккен Ұлттар ұйымында (РСФСР, Украина және Белоруссияға арналған) үш орынның бөлінуіне; Жапониямен соғыс ашуы үшін Курил аралдарын иемденуге және Сахалиннің оңтүстік бөлігінің қайтарылуына; КСРО ықпал етуі аясына Польшаның, Румынияның және Венгрияның қосылуына қол жеткізді. Ұлы мемлекеттер мүдделерінің бір-біріне күрт қайшы келуі нәтижесінде екі өштес блок қалыптаса басталды. Айтпақшы, Сталинге барлық әскери тұтқындар мен ақ сүйек интелигенция өкілдері қайтарылды.

Қырғи-қабақ соғысының басталуы субъективті факторларға негізделді деген көзқарас бар. 1945 жылдың 12 сәуірінде Президент Рузвельттің қайтыс болуы. Билікке антикоммунист Трумэн келді. Ал, Рузвельт пен Сталин жақсы қарым-қатынаста болатын.

АҚШ-тағы «Менхэттен» жобасы - ядролық қару жасау.

1946 жылдың наурыз айы - Черчильдің Фултон қаласында сөйлеген сөзі «қырғи-қабақ соғыстың» басталған уақыты. Бірақ, қырғи-қабақ соғысы одан да бұрын, 1945 жылдың тамыз айында АҚШ жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге бомбалаған кезде басталды деп айтуға болады.

Екі қарсылас блокта ядролық қарудың болуы еуропалық шекаралардың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Әскери-саяси қарсыластық 3-ші мемлекеттерде ықпал ету аяларын орнату күресіне ауысты.

1956 жыл - КПСС 20 съезі, 1962 жылы – Кариб дағдарысы.

Ельцин мен Горбачев 1931 жылы туғандар, яғни олар «20 съездің балалары». 1956 жылғы КПСС 20-съезі Сталинды сынға салу. Батыстың бүкіл компартияларында сталиншылар мен антисталиншыларға бөліну басталды. Жаңа тұжырымдама – 2-кі қарсылас жүйенің қатар бейбіт өмір сүруі. Хрущев соғысқа жол бермей, қысым жасау мен ымырыласуды қатар қолдану керек деп есептеді. Хрущев одан әрі қарулануды жалғастыру керек деп ойлады. КСРО елеулі жетістіктері: 1953 жылы әлемде ең алғашқы рет Сахаров сутегі бомбасын ойлап шығарды; құрлықаралық ракета (ілеспе өнім ретінде – Жердің алғашқы жасанды серігі). Айтпақшы, 1-ші ракетаны космосқа алғаш рет гитлершілер, атап айтқанда неміс ғылымы Браун (кейін АҚШ жұмыс істеді) ұшырды.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып бойынша тесттерді орындау| Тақырып бойынша тесттерді орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)