Читайте также:
|
|
Жоспар
1.Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу.
2.Мәліметтердің жіктелуі. Мәліметтерді жинаудағы негізгі өткізілу талаптары.
3. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.
Эмпирикалық зерттеудің бірінші этапының негізгісі мәліметтерді жинау болып табылады. Жалпы жағдайда мәліметтерді зерттелуші объект жағдайының белгіленген параметрі ретінде қарастыруға болады.
Психологиялық берілгендер эмпирикалық әдістің анықталуының сапасы ретінде, осы немесе басқа әдіскердің көрсеткіш көмегімен де белгілеп алуға болады (Т.В.Корнилова).
Ж. Годфруаның ойы бойынша – мәліметтер – ол қорытындыға жататын элемент, қайта қаралу мақсатында жіктелген кез келген ақпарат болуы мүмкін.
Сонымен, егер зерттелуші объект туралы ақпарат беретін болса, онда оны эмпирикамен алынған мәліметтер деп атауға болады, яғни алдын ала белгіленген жоспарға және зерттеу нәтижесінің болжамына да сәйкестендіріледі (оң, теріс). Егер алынған шарттарға сәйкес келмесе, онда ол есептелмейді, яғни олардың ақпараты 0 – ге тең болады.
В.В. Никандровтың айтуынша, нақты объект – ол өмірдің бөлігі, ал олар туралы мәліметтер – ол ғылымның іргетасы. Ол әртүрлі қағидалар негізінде мәліметтердің жіктелуін былай көрсетеді:
1. Ғылыми негізделуі бойынша:
1) ғылыми мәліметтер – іздену нәтижесінде ғылыми талаптарға сай алынған мағлұмат.
2) Ғылыми емес мәліметтер - өмірлік тәжірибеден алынған мағлұмат.
2. Гипотезаны тексеру кезіндегі үлес және шешу жолдары бойынша:
1) Негізгілері – алға қойған гипотезаны қабылдау немесе қабылдамау.
2) Маңыздысы – шешу мәселесіне көптеген үлес қосылады, бірақ оның толық қанды шешілуіне толығырақ мағлұмат қажет.
3. Ақпарат көздерінің әрекеті және облысы бойынша:
1) социологиялық
2) психологиялық
3) педагогикалық
4) физиологиялық және т.б.
4. Зерттеу әдісі бойынша:
1) бақылау мәліметі;
2) сұрау мәліметі;
3) экспериментті мәлімет және т.б.
4) арнайы әдіс көмегімен алынған мәліметтер.
5. Қайнар көздермен үйлесетін әдіс бойынша (Р.Б.Кеттелл жіктеуі).
1) L-мәліметтер (life data) – шындық өмірдің нақты тіркелу жолымен алынған мағлұматтар, мысал ретінде, бақылау әдісі көмегімен. Сонымен қатар, зерттелу ортасының сарапшыларынан (мұғалім, дәрігер) және басқа да адамдардан алынатын мағлұматтар. Сарапшы бағасын шығарарда арнайы ережелерді сақтау қажет: мысалы, сарапшы зерттеу барысын ұзақ уақыт бойы және 10 – нан кем болмайтындай топты да қосу керек.
2) Q–мәліметтер (questionnaire data) – сыналушының өзіндік есебіне негізделген сұраулар, қызықты тестер және басқа да әдістер көмегімен алынатын мағлұматтар,. Бұндай жұмыс барысында көптеген қиыншылықтар тууы мүмкін, мысалы, сыналушының төмен дәрежедегі білімі, біліктілігінің жоқтығы, салысырымды жүргізу кезіндегі қателіктер және т.б.
3) T-(test data) – объективті тест, әдіскер ұсынысы, сонымен бірге физиологиялық өлшеу көмегімен алынатын мағлұматтар. Сыналушының типін көрсету өте қиынға соғады (ерікті түрде немесе ерікті түрде емес).
6. Ақпараттандырылу бойынша:
1) метрикалық емес (сапалы мәлімет – қарастырылатын объекті қандайда бір класқа біріктіріп, арнайы шкала күйінде анықтаудағы мағлұмат; реттілік – шкала ретті күйде көрсетіледі);
2) метрикалық мәліметтер – сандық мәліметтер, бірлік өлшемі бар (аралық шкаласында не қатыс шкаласында көрсетілген).
Мәлімет жиыны әрекеттерге сәйкес алгоритммен анықталған, зерттеудің белгіленген жоспарына сәйкес келуі тиіс. Бұл көптеген бос орындардың, артық қиыншылықтар болмауы үшін қажет. Эмпирикалық зерттеу жүргізілетін жоспарда қойылған есепке қатысы бар зерттелу объектінің өзгеруін және олардың фиксация тәсілдерін қарастыру қажет. әртүрлі арнайы фиксация құралдарын қолдану тиімді, мысалы бейне, аудио және т.б.
Зерттеу кезінде міндетті түрде хаттама болу керек. Сыналушы жайлы, қоршаған орта жағдайы, зерттеу жүргізілген мерзім және де осы мәселенің шешілуіне қатысты басқа да мағлұматтар хаттамаға енгізіледі. Әр сынаудан кейін мәліметтер арнайы кесте түрінде жұмыс журналына жазылады. Жұмыс журналының әр нақты сынауға қажетті нұсқаулар, ескертулер жазылып отырады. Мәжіліс хаттағы және жұмыс журналындағы барлық жазылғандар анық жазылуы тиіс, ол авторға ғана емес, кез келген маманға түсінікті болуы керек. Жұмыс журналы автордың жеке күнделігі және жеке меншік те бола алмайды.
Зерттеуді ғылыми тұрғыда анықтау үшін, мәлімет жинау әрекетіндегі жоғары дәрежелі қалыптасқан және алгоритмделген болуы керек.
Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 640 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Психофизикалық әдістермен түйсікті зерттеу. | | | Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым. |